1-аялдама: «Кел танысайық» Темекінің зияны туралы видеоролик.
Видеороликті көріп болғаннан соң оқушылар хормен:
Сұрақтар: 1.Темекіден қандай аурулар туындайды? (өкпе,жүрек,бауыр аурулары).
2. Адам ағзасындағы қан айналымының бұзылуы үшін қанша темекі қажет? (1 дана).
3.Темекінің құрамында қанша химиялық заттар бар?(4000 астам)
4. Егер адам күніне бір қорап темекі тартса, бір жылда оның өкпесіне қанша смола жиналады? (1 литр).
5.Темекіде қандай зат улы болып саналады?
Денім сау болсын десең - темекі тартпа!
Әдемі болғың келсе - темекі тартпа!
Әнші болғың келсе - темекі тартпа!
Ғалым болғың келсе - темекі тартпа!
Білімді, ақылды азамат болғың келсе - темекі тартпа!
Сендер білесіңдер ме? • Әрбір темекі адам өмірін 8 минутқа қысқартады.
• Күніне 1 қорап темекі тартатын адамның 1 жылда өкпесіне 1 литр смола жиналады.
• Дүние жүзінде шылым шегуден жыл сайын 3, 5 млн адам қайтыс болады.
• Шылым шегетіндер қысқа уақыт өмір сүреді, өз өмірін 6 жылға қысқартады.
• Темекі шегушілер инфаркт, рак, асқазан жарасы сияқты аурулардан 10 - 30 есе көп қайтыс болады.
• Балаларға темекінің қаупі, үлкендерге қарағанда 2 есе көп. Кейде балалар 2 - 3 тал темекіні қатар шеккеннен жүрегі тоқтап қалған оқиғалар болған.
2 - аялдама: Ойжұмбақтышешу. «Денсаулық» сөзжұмбағы
1) Тыныс алу мүшелері адам денесінің қай бөлімінде орналасқан? (кеуде) 2) Тыныс алу мүшесі? (көмей)
3) Темекінің құрамындағы улы зат? (никотин)
4) Никотиннің түсі қандай? (сарғыш) 5) Тыныс алу мүшесі? (ауатамыр) 6) Никтоин қандай зат? (улы) 7) Темекі шеккенде адам өкпесіне не жиналады? (смола) 8) Тыныс алудың бастапқы мүшесі? (мұрын)
9) Ырыс алды .... (ынтымақ) Мұғалім: Бұл аялдамалардың барлығы да бүгінгі ұрпақ тәрбиесі үшін маңызды мәселелер болып табылатынына біз сенімдіміз. «Дені саудың жаны сау», «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»деп қазақ халқы айтпақшы қазіргі кезде келер ұрпақ жаман әдеттерге үйір, еліктегіш болып өсіп келе жатқаны кім — кімге де ақиқат. Балалар жаман әдеттер деп отырғанымыз қандай әдеттер?
Қанеки оқушылар,енді денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдердің жалғасын табатын