Сабақ барысы: I. "Ой қорыту"кезеңі. II."Сөзжұмбақ " шешу ІІІ. «Мені жалғастыр» ойыны ІV. «Бәйге» ойыны



бет3/4
Дата04.04.2023
өлшемі52,84 Kb.
#79122
түріСабақ
1   2   3   4
«Мені жалғастыр» ойынына кезек берейік.
3-аялдама: «Мені жалғастыр»
Денсаулық – (зор байлық)
Жарлының байлығы – (денінің саулығы)
Жан ауырса тән азады(Қайғы басса- жан азады)
Дені саудың – (жаны сау)
Ішің ауырса, аузыңды тый, (көзің ауырса, қолыңды тый)
Мұғалім: «Арақ — арыңа нұқсан, темекі тегіңе нұқсан» демекші, балалар зиянды әдеттерден аулақ болуымыз керек.
4-аялдама: «Бәйге» ойыны
1.Жастар темекіні тартпау үшін не істеу керек?
2.Темекіні тастауға болама?
3. Насыбай қолдану адамның қандай ағзаларын зақымдайды? (асқазан, бауыр)
4. Түтін болып кіреді,
Күркіл болып жүредіОл не ? ( темекі)
5.Мұрныңа тақасаң түшкіре бересің,
Ерніңе тақасаң түкіре бересің. Ол не ? ( насыбай )
5– аялдама: Келесі кезекте «Уланбасын өмірің» бөліміне өтеміз. Енді назарларыңызға зиянды әдеттердің алдын алу шараларын дәріптейтін «Екі пәледен аулақ »көріністі ұсынамыз.
Рыспек'>(Екі бала ойнап жүр)

Рыспек: - Мұрат, екеуміз дос емеспіз бе?
Сымбат: -Ия, доспыз. Неге сұрадың?
Сымбат: -Сен ешкімге айтпа, менде керемет бір нәрсе бар.Мінекей,қарашы...(қалтасынан темекіні көрсетеді)
Рыспек: - Оны қайдан алғансың?..
Сымбат: -Әкемнен алдым (риза болып)
Рыспек: -Әкеңнен қалай алдың?Темекі деген жаман нәрсе, дереу таста.
Сымбат: -Қалайша? Соншалықты жаман болса әкем неге тартады?
Рыспек: -Ой, достым, сенің әкең жас күнінде темекіге әуестенген,сол қателігін қазір жөндей алмай жүр.
Сымбат: -Достым, дегенмен осыны тартып көрсек қайтеді?
Рыспек: - Жоқ,достым! Мұндай жаман әдеттерден бойымызды аулақ салғанымыз абзал. Одан да ойынымызды жалғастырайық.

(Осы кезде бөлмеге темекі, насыбай кіреді)


Студенттер: Ассалаумағалейкум! Сіздер кімсіздер?
Темекі:
Мен темекі шылыммын,
Аузына елдің іліндім.
Қанша мені тартса да,
Демеді ешкім бүліндім.
Насыбай:
Шығу тегін тышқан деген қарадан,
Мекен жайым Ластық деген қаладан.
Міндетім - тек денсаулықты кірлерту,
Бұл өмірде маған мұқтаж сан адам...

Арайлым:
О, жаратқан, жаратқан,
Жұрттың аузын қаратқан.
Ағайынды екеуін.
Қандай пәле таратқан?!
О,адамдар,санаң бар,
Екі пәлеге қараңдар.
Екеуі де үлкен жау
Бүкіл әлем алаңдар!
Екеуі де ауыр дерт.
Бүкіл елді бүлдірмей,
Арамыздан аулақ кет!
Мұғалім: -Демек , студенттер, сонда темекі тарту пайдалы ма, әлде зиянды ма?
-Дұрыс,темекі тартатындардың өмірі темекі тарпайтындарға қарағанда 7-15ж. қысқа келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет