Мұғалім: Ой жылдамдығына арналады. Денсаулық сөзінің әр әрпіне салауатты өмір салтын бейнелейтін сөздерді ойластыру қажет.
Д- дұрыс дем алу.
Е- ерінбеу керек.
Н- ниеттену.
С- спортпен айналысу.
А- ағзаны шынықтыру.
У- уақытты дұрыс ұйымдастыру.
Л- лайықты өмір сүру.
Ы- ынта-ықылас жетелейді.
Қ- қозғалыс ағзаны шынықтырады.
Барлық әріптер бірге:
Темекі жойылсын!
Насыбай құрысын!
Дені сау ұрпақтың
Ұрпағы көбейсін!
6. Бекіту: Тренинг: «Қолшатыр» -Біз зиянды заттардан қорғану үшін не істеуіміз керек?
Оқушылар қолшатырдың әр бөлігіне қағазға өз ойларын жазып іледі.
7. Қорытынды. Мұғалім: “Қазақстан- 2030” ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы- біздің болашағымыздың сара бағыты, яғни, болашақ біздікі. Болашақ ғасыр иегерлері дені сау , терең білімді, жат қылықтардан аулақ болуы біз үшін үлкен бақыт. Өркениетті ел қатарына Қазақстан мемлекетінің қосылуына біз үлес қосуымыз керек. Әлем темекіге қарсы күресуде. Мысалы , Швейцарияда жыл сайын “Темекі тартпайтын күн” аталып өтеді. Францияның кейбір фирмаларында шылым шегуді тастаған қызметкерге арнайы сыйлық төлейді. Бұл сабақтан сіздер көп мағлұмат алды деп ойлаймын. Бұларды естіп қана қоймай, өмірде пайдалану - әрқайсымыздың міндетіміз.
Лұқпан хакімнен «Өмірде байлық қымбат па, жоқ даңқ қымбат па?» деп сұраған екен. Сонда ол «Байлық та, даңқ та адам баласын бақытты ете алмайды. Біле білсеңдер, ауру ханнан дені сау жарлы бақытты. Ал бақыт дегеніміз не? Әрбір адам өзінің күш — жігерін халқына, өз еліне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсап ақылды, парасатты және денсаулығы зор болса ғана бақытты» деген екен.
Яғни, адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.