Сабақ барысын бақылау және оның нәтижелерін талдау қабілетін қалыптастыру



бет4/9
Дата06.04.2023
өлшемі118,43 Kb.
#79886
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Отчёт Нартыбаева.А.К. П











































Қорытынды


Осы педагогикалық іс-тәжірибеден өту арқылы мен 5 апта ішінде болашақта сыныптан тыс тәрбие жұмысын атқаруда білікті маман болу үшін өзіме біраз тәжірибе жинақтадым деп есептеймін. Еларыс Мұратұлы мектептегі іс-тәжірибе жетекшім ретінде маған көп көмегі тиді. Жетекшімнің сабақтарын қызығушылықпен тыңдадым. Сабақ жүргізу барысында сөйлеген сөздеріне көңіл аудардым. Ұстаз өз ойын тиянақты жеткізу керек деп ұғындым.


Педагогикалық практика кезінде мен оқушы мұқтажын сезіндім, қарым-қатынас психологиясын зерттеуді, әр оқушымен жеке дара жұмыс тәжірибесінің дамуына, ата-анамен байланысының күшеюіне, оқушылардың өзін-өзі басқаруына жағдай жасай білуіне, үлкенді сыйлау, т.б. мінез-құлықтарының қалыптасуына ықпал ету әдістерін меңгеруді үйрендім. Осы бастама кейін тәжірибеде, мұғалімдік қызмет барысында өз жалғасын табады деп сенемін. Қазақтың талантты ақыны Мағжан Жұмабаев «Адам жаңа¬шыл: жаңа үстіне жаңа тілейді, жаңа¬дан жаңаға құмар келеді. Адам әсемшіл: әсемнен әсем, сұлудан сұлу таңдайды»,- дейді. Бұл құнды ой арқылы жаһандану заманын¬да адамзат ескі сүрлеумен жүре бер¬мей ілгерілеуге, өзгеруге ұмтылуы қажеттігін айтқан. Себебі, бұл – заман талабы.
Қорытындай келе, өз ісін шебер меңгерген нағыз сынып жетекшісі – ол өз тәрбиеленушісінің әрқайсысының бойынан қайталанбас, дара тұлғаны көре білетін; тұлғалық-бағдарлы тәсілге сүйене отыра педагогикалық диагностика негізінде әр оқушыны терең зерттейтін, олармен байланысын үйлестіретін, балалар ұжымының қалыптасуына ықпал ететін ақылды тәрбиеші.
Қатысушы: Жеңісбек Шаттық, Мұғалімі: Еларыс Мұратұлы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет