III.ҚОРЫТЫНДЫ
IV.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі:Қазақстан Республикасының «Білім туралы»заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар,ғылым ен практика жетістіктері незінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағыттылған технологиялардың,жаңа әдіс-тәсілдердің оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырудағы маңызы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау,оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім беруді,халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»,-деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты сабақ сапасын көтеру,түрін жетілдіру,оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру,олардың ізденуін,танымын қалыптастыру.[1]
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының 8-бабында Білім беру жүйесінің басы міндеттерінің бірі оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім беруді ақпараттандыру,халықаралық ғаламдық комуникациялық желілере шығу деп атап көрсетілген.Еліміздің ертеңі болатын бүгінгі жас ұрпаққа сапалы білім беруді қолға алуымыз керек.Ғылым мен техниканың жедел қарқынмен дамуы жылдан жылға оқыту технологияларының жаңа озық түрлерін ұсынуда.Көптеен электрондық оқу бағдарламалары,мултимедиялық оқу бағдарламалары жасалды және жасалып та жатыр.Қазір шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған,жаңа педаоикалық технологияларды жетік меңгерген,мамандық шеберлігі қалыптасқан белсенді ұстаз қажет.[1]
Оқыту процесі екі жақты процесс болғандықтан, мұғалім өзінің ғана іс-әрекетінің дұрыс болуына қанағаттанып қоймай, оқушылардың да танымдық әрекеті мен белсенділігін дамытуға ерекше көңіл аударуға тиіс. Мұның өзі оқыту мен бала дамуының заңдылықтары туралы өте күрделі психологиялық және педагогикалық мәселелердің бірі.[2]
Бүгінгі күні мектеп оқушыларын білім алуға ынталандыратын,оқуға деген қызығушылығын оятатын түрлі көрнекіліктер,ақпараттық-техникалық құралдар жетерлік.Осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып оқушылардың оқуға деген ынтасын жоғарлатуда әр ұстаз өзіндік тәсілдері бойынша сабақты түрлендіріп өткізеді.Негізгі мақсаттардың бірі-оқушылардың оқуға деген,пәнге деген қызығушылығын арттыру, дамыту.Бұл іс сабақ тақырыбының маңызы мен оның өмірге пайдасын оқушы терең түсіне білгенде,сабақ мазмұны ғылым жаңалықтары мен дәйектемелеріне бай болғанда ғана жақсы нәтиже бермек.Сондай-ақ сабақта ойындарды пайдалану,оқушылардың қабілеттерін дәл тауып,соны ары қарай дамытуға еңбек ету оқушының пәнге деген қызығушылығының артуына көмектеседі. Алайда, оқушылардың танымдық әрекеті мен қызығушылығын арттыруда оқыту процесінің, сондай-ақ оны қолданудың тиімділігін жетілдіру жолдары әлі терең зерттелмей келеді. Бұл мәселенің ғылыми-теориялық жағынан зерттелуі жеткіліксіз болғандықтан мектеп тәжірибесінде белгілі кемшіліктер орын алып келеді. Атап айтқанда, мұғалімдер оқушылардың танымдық әрекетін қалыптастырып, танымдық қызығушылықты дамытудың тиімді жолдарын қолдануда өздерінің дайындығының деңгейі төмен екенін мойындайды.
Қарастырып отырған тақырыбымда Бастауыш сынып оқушыларының қызығушылықтарын арттыру және оның жолдары туралы түсінік бере отырып,заман талабына сай жаңа педаогикалық технологияларды тиімді пайдалану оң нәтижесін беретіндігі қарастырылған.
Мен,балалардың дербестігін,шығармашылық таным әрекетін,қызығушылықтары мен танымдық қабілеттерін әдістәсілдер,Акт арқылы дамытудың тиімділігі болатынына сенімдімін.Сол себепті,тәжірибе барысында өткізілген сабақтарда оқушылардың қызығушылықтарын арттырудың тиімділігін осы зерттеу жұмысым барысында көрсетемін.
Достарыңызбен бөлісу: |