Сабақ барысында оқушылардың қызығушылықтарын арттыру жолдары


Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттырудың принциптері мен тиімді әдіс-тәсілдері



бет7/17
Дата06.01.2022
өлшемі331,35 Kb.
#13268
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
Ғалымжанқызы АЯжан курс

1.2. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттырудың принциптері мен тиімді әдіс-тәсілдері
Білім беру саласында оқыту процесінің мәні зор, өйткені осы кездегі қоғамдық - өндірістік қатынастың дамуы оқытудың ғылыми – практикалық деңгейіне байланысты.

Педагогикада диалектиканың барлық заңдары көрсетілген. Сондықтан педагогиканы А.С.Макаренко диалектикалық ғылым деп санады. Оқыту және тәрбие процесінің диалектикасы оның өзара байланысында, үздіксіз дамуында, жылжымалылығында және қарама – қайшылығында ашылады. Педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптері Ю.К.Бабанскийдің, И.Я.Лернердің, И.Ф.Харламовтың еңбектерінде кең көлемде баяндалған. Принцип – латын сөзі – негізгі,бастапқы деген ұғымды білдіреді.

Оқытуға қойылатын талаптардың бастапқы белгілі жүйесін оқыту процесінің принциптері деп атайды. Қазіргі заманғы дидактикалық жүйе принциптері:

Саналылық және белсенділік

Көрнекілік

Жүйелілік және бірізділік

Беріктік

Түсініктілік

Ғылымилық

Теория мен тәжірибе бірлігі[4]

Оқыту принципінің мақсаттылық принципі. Әрбір сабаққа дайындалу үшін ең алдымен оның мақсатын анықтайды. Мақсатсыз сабақ нәтиже бермейді. Өйткені оқыту әдістері олардың мақсаттарына байланысты. Осыған орай, әрбір баланың және ұжымның ерекшеліктерін еске алып, мұғалім оқыту жұмыстарының формаларын, мазмұнын, әдістерін ірктеп алады. Оқыту мен тәрбие жұмыстарын осындай мақсатпен ұйымдастыру мұғалім мен оқушылардың іс - әрекеттерінің үнемі жоспарлы түрде өтуіне игі әсер етеді.[7]

Оқытудың ғылымилық принципі. Бұл принцип табиғат, қоғам, мәдениет, ойлау дамуының заңдылықтарын білуді талап етеді. Ғылымилық принцип оқу бағдарламаларын, оқулықтарды жасағанда еске алынып, оқыту процесінде жүзеге асырылады. Ғылымилық принцип оқушылардың таным қабілетінің дамуына, дүниеге көзқарасының және жоғары адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына әсер етеді.

К.Д.Ушинскийдің айтуы бойынша, оқыту – бұл баланың байқағыштығының, ойының, тілінің, есінің, қиялының дамуы, баланы еңбекке, өмірге дайындау. Оқыту ғылыми ережелер мен теориялардың оқушылардың көзқарасы мен сеніміне ұласуымен сипатталады.

Оқыта отырып тәрбиелеу – бұл баланың өмірге, білімге қатысы, ақыл – ойының қабілеттілігі, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы.

Сонымен білім беру, тәрбие оқытудың бірыңғай процесінде іске асырылады. Бұл үш қатегория бірін – бірі өзара нығайтады, толықтырады.

Түсініктілік принципі. Түсініктілік принципі оқытуды оқушылардың дайындық деңгейіне сай ұйымдастыруды талап етеді. Сонымен бірге оқушыларға тапсырма “ең таяу даму зонасына” сәйкес берілуі тиіс, яғни тапсырманы мұғалімнің басшылығымен терең ойлап орындауды оқушылардан талап ету керек. Егер тапсырма аса ауыр болса, онда оқушылардың ықыласы төмендейді, сенімі кетеді, күшіне зиян келеді.[5]

Түсініктілік принципінен оқыту ережелері туады. Мысалы:

1.Жеңілден қиынға көшу. Мұнан оқушыларды таным іс - әрекетіне бірте – бірте үйрету, яғни нақты фактілерден жалпы қорытындыға көшу ұғымы туады. Дара фактілерді жинақтау негізінде жеке нәрседен жалпы қорытындыға көшуді индуктивті жол деп атайды.

2.Қарапайымдылықтан күрделілікке көшу. Мәселен, оқушыларға құрмалас сөйлемді түсіндіру үшін, оларды ең алдымен жай сөйлеммен таныстыру қажет.

3.Белгіліден белгісізге көшу деп оқушылардың өткен сабақтан алған біліміне сәйкес жаңа сабақ материалын меңгеруін, яғни сабақ үстінде білімді терең түсініп, игеруін айтады.[7]

Саналылық пен белсенділік принципі. Саналылық пен белсенділік дегеніміз білімді саналықпен белсене қабылдап, оның өмір және практикамен байланысын тереңдету, оқылатын фактілер мен құбылыстардың мәніне түсіну болады.

Сабақ үстінде берілген тапсырмаларды оқушылардың саналықпен орындауы, олардың белсенділігін арттырады. Әрбір іс-әрекетін орындауда оқушылар оның теориялық және практикалық мәніне терең түсінуі қажет. Мысалы: тіл сабақтарында грамматикалық ережелерді теория – тұрғысынан терең ұғыну қажет болса, ал сөйлемдерді сөз таптарына, сөйлем мүшелеріне ажырата білу оқушылардың іскерлік пен дағдыны саналылықпен игеруін көрсетеді.

Оқушылардың дүние танымын тереңдетуге, белсенділік сезімін оятуға ғылыми - техникалық даму кезеңіндегі оқытудың жаңа үдемелі әдістері мен формалары ықпал жасайды. Сонымен бірге саналылық және белсенділік принципін іске асыруда мұғалім мен шәкірттердің бірлесіп істейтін шығармашылық жұмыстары да игі әсер етеді.

Көрнекілік принципі. Көрнекілік принципін алғаш зерттеп, оған мәнді үлес қосқан Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский т.б. осы принцип негізінде алғашқы оқытудың әдістемесін жазды.[7]

К.Д.Ушинский көрнекілік жайындағы ілімді дамыта келіп, көрнекілік – балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалар заттардың пішіні, дыбысы бояуы арқылы ойлайды деді.

Оқыту процесінде сөз бен іс, теория мен практика өзара байланыста болады. Әр түрлі көрнекілікті қолданудың нәтижесінде сабақ әрі түсінікті, әрі қызықты болып өтеді. Мысалы, жоғары сыныптарда сабақты демонстрациялап өту өте тиімді және нәтижелі болады. Көрнекілік абстрактілі ұғымды игеруге әсер етеді.

Сонымен, көрнекілік принципінің оқыту материалдарын, әсіресе, теориялық ережелерді терең оқуда, берік есте сақтауды алатын орны ерекше.

Көрнекі құралдар оқу материалдарын, әсіресе теориялық ережелерді есте жақсы сақтау және жеңіл түсіну үшін қолданылады.

Ынталандыру (мотивация) принципі.

Бұл принциптін маңызы өте зор. Оқуға, білімге, мұғалімнің жеке басына деген, сондай- ақ оқу жұмысының барлық әдістеріне, түрлері мен формаларына оқу сенімді, ерікті қуанышты болады. Сондықтан мұғалім, ең алдымен сабақты қызықты, тартымды, әсерлі етіп өткізуге міндетті.[5]

Ынталандыру принципі оқушыларға жеке дара қарауды керек етеді. Осыған орай В.С.Сухомлинский мынадай кеңестер береді:

1.Баланың ақыл – ой күштері мен мүмкіндіктері бірдей емес.

2.Оқыту мен тәрбиелеудің барлық заңдылықтарын қолдануға болатын абстрактілі оқушы жоқ: оқушы әрқашан дара, өзгеше ерекше.

3.Оқуға барлық мектеп балалары үшін табысқа жетудің бірыңғай алғы шарттар жоқ.

4.Оқу қызметінің берілген сәтінде әр оқушының неге қабілетті екенін анықтаудың маңызы зор.

5.Оның ақыл – ой қабілетін одан әрі қалай дамытуға болатындығын анықтау маңызды.

6.Оқушыдан мүмкін еместі талап етуге болмайды.

7.Бағдарламаларға қаралған деңгейге әр оқушы қандай жолмен, қандай кідірістермен және қиыншылықтармен келетінін дұрыс анықтап алу керек.

8.Әрбір оқушының ақыл – ой еңбегінде бағдарламаны қалай нақтылы жүзеге асыру керек.

Алтынсариннің пікірінше, педагогикалық жұмыстағы ең шешуші нәрсе: мұғалімнің ең жақсы оқыту әдістерін таба білуінде, балалармен дұрыс сөйлесе білуінде. «Үлгілі жолға қойылған, дұрыс тәртібі бар жаңа типті мектеп оқушыларды қызықтырып, оларды мәдениетке, жұмысқа және айналасын, өз ортасын тануға, ой еңбегін үйретуге тиіс», - деп атап көрсетті.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін, әртүрлі әдіс – тәсілдерді қолдануға болады. Олар мынадай:

1.Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.

2.Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудару.

3.Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу. (Сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар)

4.Берілген тапсырмаларды түрлендіру бағытындағы жұмыс.(Мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын әңгіме мәтінін құру т.б.)

5.Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу.

6.Қиялдау арқылы сурет салғызу, ролге бөліп оқыту.

7.Ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру.

8.Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру.[8]

Сапалы білім беру дегеніміз ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық және практикалық іске,шығармашылыққа баулып,дүниетанымын кеңейту.Баланың бйындағы бар қабілетінкемеліне келтіріп жетілдіру болп табылады.

Сапалы білім беру оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі.Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді,өмір сүруге бейім,өзіндік толғамы бар,адамершілігі жоғары,қабілетті,шығармашыл,еңбекшіл жеке тұлғаны қалыптастыру.Балалардың білім сапасын арттыруда мұғалім бала дамуының мынадай негізгі белгілерін:дербестігін,шығармашылық таным әрекетін,диалектикалық ойлауы,қызығушылығы мен танымдық қабілетін қадағалап,балалармен жеке дара жұмыс түрлерін тиімді ұйымдастыра білу қажет.

Қызығушылық іс-әрекетте дәстүрлі емес әдіс-амалдар пайдалану оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамытып,оқу-танымдық ғылыми ізденістер жасауға талаптандырады.[9]

Оқушылардың сабақтағы қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастырудың жолдары сан алуан. Бұл пікір педагогикалық әдебиеттерде көрсетіліп, нақтыланған әрі бірнеше ғалымдар пікірлеріне үндесіп отырады. Сондықтан қандай да бір пән болмасын, сол пәнге оқушының қызығушылығын, белсенділігін қалыптастыруды тудыру жолдары, шарттары мен қолданылатын жұмыс түрлерін жинақтап көрсетуге болады.[8]

Сабақта берілетін оқу материалдарын оқушыларға жеткізу үшін, әр түрлі оқыту әдістерін қолдануға болады. Мектептің ең кең тараған оқыту әдісі - ол мұғалімнің ауызша баяндауы. Бұл әдіс оқу процесінде жетекші рөл атқарады, барлық пәндерді оқытуды және сабақтың түрлі кезеңдерінде қолданылады.Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша сабақта жеті модульді сабақта қолдану қажет:

-Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер:

-Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету:

-Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау:

-Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану:

-Талантты және дарында балаларды оқыту:

-Балаларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оықту және оқу:

-Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Жеті модульді ықпалдастыра отырып сабақты өту нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын дамытып,алған білімдерін өмірде тиімді пайдалана алады.Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану топпен жұмыс жасауға,сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мен оқушылардың өзіндік мақсаттардың болуына жағдай жасайды.[10]

Бастауыш мектептің алдында тұрған негізгі мәселе – оқушыларды дамыта оқыту, яғни оқушыны оқу әрекетіне қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру болғандықтан жоғарыда аталған әдіс-тәсілдерін жүзеге асыру әрбір мұғалімнің негізгі міндеттері.[8]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет