Сабақ Бөлім: 1а екі таңбалы сандар



бет83/162
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#53993
түріСабақ
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   162
Байланысты:
МАТЕМ 2 ҚМЖ

Сабақтың ортасы

Операционалдық-танымдық кезеңі
1) Балаларға ата-аналарымен дүкенге барып, тағамдардың массаларын қалай өлшейтінін сандық бейнеге (видеоға) түсіру тапсырмасы алдын ала берілген. Осы видеоны ұсыну, пікірлесу.
Шаманы таңдалып алынған құралдар және аспаптармен
өлшейтіні, суретте берілген әр құралдың не үшін және қандай заттарды өлшеуге арналғаны түсіндіріледі.

Оқулықпен жұмыс.
Видеолар талданады.

Кері байланыс:
«Оқушымен диалог-сұхбат».

Оқулық







Массаны өлшеудің құралын және стандартты өлшем бірлігі – килограмды таңдау, өлшеулер жүргізу әрекеті, яғни құралды (таразы) және массаны (кг) стандартты бірлікпен өлшеу әрекеті көрсетіледі.
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау барысында заттарды массасына қарай салыстыру және нәтижесін «ауыр және жеңіл, массасы артық және массасы кем, массаның мәні 5 кг- ға тең» деген сияқты сөздер арқылы айтуға жетелеу.
Сандық бейне (бейнетүсіндірме) ұсынылады.
1-тапсырма, 2-тапсырма бойынша суреттерге қарап, заттардың массасын өлшейді, сұрақтарға жауап береді, ауыр заттарды өлшеу үшін қажет ірі өлшем бірлігі – центнермен танысады. Сұрақтарға жауап береді.
1 ц қант сатып алу үшін 10 килограмдық қант салынған неше қап қажет?
(10 кг-дық 10 қап қажет)
25 килограмдық ше? (25 килограмдық 4 қап қажет)
50 килограмдық ше? (50 килограмдық 2 қап қажет)

  1. тапсырма, 4-тапсырмаларда шамалардың мәндерін салыстырады, «артық, кем, тең» қатынастары жайлы біліктерін дамытады.

  2. тапсырмада оқушылар бір санның екінші саннан нешеуі артық немесе нешеуі кем екенін білу үшін көп саннан аз санды азайту керек екенін түсінулері маңызды. Оқушылар айырманың мәні үлкен сан кішісінен қанша артық және кішісі үлкенінен қанша кем екенін білдіретінін түсінеді.

Ойсергек.
Кел, балақан, балақан, Шапалақта алақан.
Жай, жай, жай, Шапалақта алақан, Шапалақта алақан. Қозғап барлық денеңді, Қолды қатты соқ енді. Сарт, сарт, сарт,
Қолды қатты соқ енді, Қолды қатты соқ енді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет