|
Неше таңбалы санды анықтадың? (екі таңбалы)
Бірлігі нешеу, ондығы нешеу?
Оқушыларды өзіндік тұжырым жасауға жетелеу үшін «Сөйлемді толықтыр» жаттығуы орындалады.
Екі таңбалы сандар ... мен құралады.
Оларды қарай оқиды:
Алдымен санның ..., содан соң аталады.
Керекті сөздер, сөз тіркестері: солдан оңға қарай, ондықтар, бірліктер.
Соңынан оқулықта берілген тұжырыммен танысуға, өзінің тұжырымын салыстыруға мүмкіндік беріледі.
«Разряд» терминімен танысады, санның жазылуында әрбір цифрдың белгілі бір орны болатыны, оның разряд деп аталатынын түсінеді.
ТҰЖЫРЫМ: екі таңбалы сандар ондықтар мен бірліктерден құралады. Оларды солдан оңға қарай оқиды: алдымен санның ондықтары, содан соң бірліктері аталады.
Сандарды жазудағы цифрлардың орналасуын РАЗРЯД деп атайды. Сандарды солдан оңға қарай оқыса, ал разрядтарды керісінше – оңннан солға қарай оқиды.
Мұғалім оқулықтағы 4-тапсырмаға назар аударуларын, сұрақтарға жауап беруін сұрайды. Оқушылар сурет бойынша нысандарды санайды. Мұғалім оқушылардың сұрақтарға жауап бере алуына, санауды қалай жүргізгендігіне мән береді.
Әр суретте барлығы қанша зат бар? Ондығы нешеу? Бірлігі нешеу?
Суреттегі нысандардың санын қалай білдік? (Санау арқылы.)
Нысандарды санау арқылы біз нені білдік?
|
оқулықта берілген тұжырыммен танысады.
Қосымша ақпаратпен танысады. «Разряд» терминімен танысады, санның жазылуында әрбір цифрдың белгілі бір орны болатыны, оның разряд деп аталатынын түсінеді.
4-тапсырмада оқушылар сурет бойынша сұрақтарға жауап беріп, нысандарды санайды. 12, 32 сандарында неше ондық, неше бірлік бар екенін атайды.
Нысандарды санау негізінде екі таңбалы санның құрылуын түсінеді.
Оқушылар тілдік қатынаста
|
4-тапсырма.
|