Қалыптастырушы бағалау: «Температураны өлшеу» әдісі.
Сабақтың соңы
Рефлексиялық-бағалау кезеңі «Үш ұйғарым» әдісі. Жаңа тақырып аясында 3 ұйғарым ұсынылады.
ұйғарым. Санды бірнеше бірлікке арттыруға берілген есептің сұрағына жауап беру үшін қосу амалын қолданамын. (Ақиқат/Жалған ұйғарым.)
ұйғарым. Санды бірнеше бірлікке кемітуге берілген есептің сұрағына жауап беру үшін азайту амалын қолданамын. (Ақиқат/Жалған ұйғарым.)
ұйғарым. «Кеміту» – «қосу» ұғымын береді. (Ақиқат/Жалған ұйғарым.)
Жалған ұйғарым болса, неліктен жалған екендігін дәлелдеу сұралады.
Рефлексия «ИӘ/ЖОҚ»
«Үш ұйғарым» әдісі. Жаңа тақырып аясында
3 ұйғарымға жауап береді.
Кестеде берілген сұрақтарға жауап береді.
Мұғалімнің оқушылармен кері байланысы: «Мадақтама». Тапсырмаларды белсенді орындаған, орындауда талпынған, өз ойларын жеткізген балалар еңбегі және ұтымды жауаптары- мен, ойлау дағдыларымен ерекшеленген балалар еңбегі мадақталады. (Балаларға таратылады.)
Иә/Жоқ
1
Бірнеше бірлікке арттыруға берілген есептің мазмұнын түсінемін.
2.5.1.1.** Бір-екі амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу.
2.5.1.8.** Барлық арифметикалық амалдарға берілген жай есептердің шешуін санды өрнектер және теңдеулер түрінде модельдеу.
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар бір амалмен шығарылатын есептерді модельдейді.
Көптеген оқушылар айырмалық салыстыруға берілген есептің моделін түсіндіреді.
Кейбір оқушылар айырмалық салыстыруға берілген есептің моделін құрастырады. Айырмалық салыстыруға берілген есептерді шығару үшін санды өрнек, теңдеу құру алгоритмін тұжырымдайды.
– Есептің әртүрлі екі сұрағына жауап беру үшін бірдей
амал – азайту амалын қолданамыз. Неліктен? (Оқушыларды ерекше шешім білдіруге, болжам айтуға итермелейді, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.)
Практикалық сұрақтар: – Сынып ішінен қалдықты табуға берілген есеп мәтінін құрастыра аласың ба?
(Білім алушыларды алған теориялық білімдер мен
тәжірибе арасындағы байланысты орнатуға, ұштастыруға үйретеді.)
Сабақтың ортасы
Операционалдық-танымдық кезеңі Оқулықпен жұмыс. 1-тапсырмада шешуін санды өрнек түрінде жазып, есепті шығарады. Жауабын жазады. Оқушылар «Есептің әртүрлі екі сұрағына жауап беру үшін неліктен бірдей амал – азайту амалын қолданамыз?» деген сұраққа өз пікірлерін білдіреді, өз ойын түсіндіреді. «Қанша артық немесе қанша кем?» сұрақтарына жауап беру үшін азайту амалы ғана қолданып, үлкен саннан кіші санды азайтуды түсінгендері маңызды. Есеп мәтінінде «кем», «артық» сөздерінің орнына «үлкен», «кіші» сөздерінің алмасқанын түсіндіреді.
Оқушылар бір санның екінші саннан нешеуі артық немесе нешеуі кем екенін білу үшін көп саннан аз санды азайту керек екенін түсінулері маңызды.
11 мен 6 11 – 6 =5
6 саны 11-ден 5-ке кем, ал 11 саны 6-дан 5-ке артық. Оқушылар айырманың мәні үлкен сан кішісінен қанша артық және кішісі үлкенінен қанша кем екенін білдіретінін түсінеді.
Видеотүсіндірме ұсынылады.
Видеода ұсынылған есептің сұрағына жауап беру үшін қандай өрнек құрылды, қандай амал қолданылды?
Тұжырымды есіңе түсір.
ТҰЖЫРЫМ:
Оқулықпен жұмыс.
1–6-тапсырмаларды орындау барысында есепті талдай отырып, шешуін түрлі модельдермен жазады: өрнек құру, теңдеу құру, сурет салу, сызба түрінде модельдеу.
Жай есепті шығаруда мыналарды басшылыққа алады:
мәтінді түсініп оқу;
мәтіннен есептің шартын бөліп алу. Бұл – бізге белгілі мәліметтер;
мәтіннен есептің сұрағын бөліп алу. Бұл – бізден сұралатын мәлімет;
Кері байланыс: «Ұстазға хат». Тапсырманы түсінгені, түсінбегені туралы суретті хат қалдырады.
Есептің әртүрлі екі сұрағына жауап беру үшін
неліктен бірдей амалды – азайту амалын қолданылғанын түсінген оқушы суретті хаттағы дөңгелекті қызыл түспен бояйды.
Оқулық
Графикалық модель.
Тірек сызбалар, қысқаша жазба үлгілері, кесте.
Бір санның екінші саннан қанша артық немесе қанша
кем екенін білу үшін көп саннан кіші санды азайту.
Айырманың мәні үлкен сан кішісінен қанша артық
және кішісі үлкенінен қанша кем екенін білдіреді.
тапсырмада өрнектердің мәнін тиімді тәсілмен есептеу білігін жетілдіреді.
тапсырмада
сызбаға сәйкес келетіндей есептің сөз моделін – мәтінін құрастырады, шығарады.
тапсырмада 1-ден 100-ге дейін 7 цифры неше рет кездесетінін санайды:
7, 17, 27, 37, 47, 57, 67, 77, 87,
97.
Логикалық ойлауға берілген қосымша тапсырманы шешу үшін практикалық әрекет орындайды.
қысқаша жазуға сәйкес есептің сұрағына жауап беру үшін амал таңдайды, өрнек құрады.
есептің шешуін санды өрнек түрінде жазады.
CD диск.
«Қосу мен азайтуға берілген жай есептерді модельдеу және шығару» көрнекі кестелері.
№15 кесте.
№18 кесте.
тапсырма оқушыларды кестемен жұмыс жасауға жетелейді.
Ағасының қарындасынан неше жас үлкен, қарындасының ағасынан неше жас кіші екенін анықтайтын 22 – а, b – 5, 13 –с түріндегі әріпті өрнектер құрады.
тапсырмада есептің мазмұнымен танысып, берілген сызбаны оқи алуы, есептің сұрағына жауап беру үшін амал таңдауы, білуі маңызды болмақ.
тапсырма айырмалық салыстыруға берілген есепті шығару білігін жетілдіруге негізделген.
тапсырма белгісіз қосылғыш, азайғышы мен азайтқышы белгісіз теңдеулерді шешу білігін жетілдіреді. 6-тапсырма санды бірнеше бірлікке арттыруға, айырмалық салыстыруға берілген есептерді шығару іскерлігін жетілдіреді.
тапсырма өрнектердің мәнін тиімді тәсілмен есептеу білігін жетілдіреді.
тапсырма сызбаға сәйкес келетіндей есептің сөз моделін – мәтінін құрастыруға ұсынылған. Сызбаны пайдаланып, санды өрнек немесе теңдеу құрады, оның мәнін тауып, есептің жауабын жазу білігін жетілдіруге негізделген.
тапсырма шығармашылыққа берілген.
1-ден 100-ге дейін 7 цифры неше рет кездеседі? 7, 17, 27, 37, 47, 57, 67, 77, 87, 97.