Сабақтың ортасы
|
Операционалдық-танымдық кезеңі Оқулықпен жұмыс.
1-тапсырмада суреттегі өлшеуіш құралдарымен қандай шамаларды өлшеуге болатынын анықтайды.
– Суретте берілген өлшеуіш құралдарын қай жерде көрдің?
Ол құралмен нені өлшеді?
Қандай өлшеуіш құралдарын көрмедің? (Таныс емес құралдар туралы түсінік беріледі)
Практикалық жаттығу орындалады.
2-тапсырма.
а) Суреттерге қара. Массаны қандай таразылардың көмегімен өлшеуге болатынын және қандай заттарды өлшеуге болатынын атайды, шынайы өмірмен байланыстырады.
Өлшеу құралдары шкалаларын бір-бірінен ажыратады, шамалардың мәндерін анықтайды, теңсіздіктер құрады.
Жеміс-жидектің массасы неше кг? Алманың массасы неше кг? (3 кг) Баланың салмағы неше кг? (27кг) Сызғыштың көмегімен қызыл, көк кесінділердің ұзындығын өлше. Неше см? Оны қалай білдің?
Теңсіздік құра. Мысалы, 3 кг < 27 кг.
ә) Түйе, қой және қоян сияқты үй жануарларын есіне түсіре отырып, олардың массаларын салыстырады және
масаларының өсу реті бойынша атайды.
|
Оқулықпен жұмыс. 1–тапсырмада ұзындық, масса, сыйымдылықты өлшеу құралдарын атайды, практикалық жұмыс орындайды. Сұрақтарға жауап береді.
Әр оқушы өзінің қаламының ұзындығын өлшейді.
2-тапсырмада
массаны қандай таразылардың көмегімен өлшеуге болатынын және қандай заттарды өлшеуге болатынын атайды, шынайы өмірмен байланыстырады.
Үй жануарларының массасын салыстырады.
Жаттығу орындайды.
|
Оқушылар еңбегі мадақталады.
2-тапсырма.
Критерий:
әртүрлі өлшеу құралдары шкалаларын бір-бірінен ажырату және шамалардың сәйкес мәндерін анықтау.
Дескриптор:
әртүрлі өлшеу құралдары шкалаларына шамалардың сәйкес мәндерін анықтайды;
теңсіздіктер құрады.
|
Оқулық
Ұзындықты, массаны, көлемді (сыйымдылық) өлшеу мен салыстыруды көрсететін суреттер.
Ұзындықты, массаны, көлемді (сыйымдылықты) өлшеу құралдары.
|