тапсырмада қосындыны табуға берілген есепті шығарады.
тапсырма. Бұл тапсырма әріпті өрнекті оқу, мәнін табу білімдері мен біліктерін дамытуға көмектеседі.
Әріпті өрнектің мәнін табу алгоритмі көрсетіледі, бір амалмен орындалатын әріпті өрнектің мәнін алгоритм бойынша табу қадамдарын басшылыққа алады:
әріптің орнына оның мәнін қою;
шыққан санды өрнекті оқу;
көрсетілген амалды (қосу не азайту) орындау;
өрнектің мәнін оқу.
Мысалы, егер а = 8 л болса, онда а + 15 л әріпті өрнегі 8 л + 15 л санды өрнегіне айналады. Санды өрнектің мәнін есептеу арқылы әр жағдайда әріпті өрнектің сан мәнін аламыз.
тапсырма шешуі: 1 м 50 см – 50 см = 1 м. Ж: 1 метр жіп қалды.
тапсырмада теңдеу шешу білігін дамытады.
тапсырмада амалдар тізбегін орындайды.
тапсырма – үй жұмысы. Шамалардың мәндеріне амалдар қолдану дағдысын жетілдіреді.
1) 16 см + 48 = 64 см.
2) 72 см = ... дм + 12 см теңдігіндегі белгісіз қосылғышты анықтау үшін қосындының мәнінен белгілі қосылғышты азайтады, яғни
72 см – 12 см = 60 см, 60 см = 6 дм. Демек, 72 см = 6 дм + 12 см.
3) 1 м – ... дм = 20 см теңдігіндегі белгісіз азайтқышты анықтау үшін азайғыштан айырманың мәнін азайтады.
тапсырманы орындау кезінде оқушылар тарапынан жүзеге асатын әрекеттер: берілген суреттерді пайдаланып, есептерді талдау негізінде
белгісізді анықтау үшін амал таңбасын таңдау, өрнек құру, өрнектің мәнін табу, жауабын жазу әрекет- тері орындалады.
тапсырмада әріпті өрнектің мәнін есептей отыра, шамалардың мәндеріне амалдар орындайды.