Кері байланыс: «Жетістік баспалдағы» әдісі бойынша өтеді.
Оқушылар жауабын талдап, ҚБ қояды.
Оқу тапсырмасы: 60-бет №5.
Кері байланыс жасайды.
ҚБ қойылады.
Қысқа мерзімді жоспар
Қазақ тілі 23-сабақ
Бөлім:
Демалыс мәдениеті
Мұғалімнің аты-жөні
Жайшигулова А.
Күні:
3.05.2023ж
Сынып: 3ә
Қатысушылар саны:20
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
Сөз және оның құрамы
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
3.4.1.2 түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазу
3.4.2.1* негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату
Сабақтың мақсаты
Түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазады, түбірлес сөздердің мағынасын ажырата алады, мәтінді сөз құрамына талдап, түбір мен қосымшаны тиісті белгімен белгілей алады.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурс
тар
Ұйымдастыру,
өзін –
өзі тексеру
Өткен білімді еске түсіру
5 мин
Ынтымақтастық атмосферасынқалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.
Өткен тақырыпқа шолу, оқу материалын жариялау «Сұрақ-жауап» әдісімен өтеді: А) Оқу тапсырмасын тексеру.
- Біз дыбыстардан не құраймыз?
- Сөз және оның құрамы туралы бір-біріңе сұрақтар қойып, жауап алыңдар.
- Олай болса, бүгінгі сабағымызда сөз және оның құрамын анықтауға бағытталған тапсырмалар орындаймыз.
Сабақ мақсаты жария етіледі.
Жаттығу жасайды.
Үйге берілген тапсырманы қалай орындағанын түсіндіреді.
Сұрақ қояды, жауап береді.
Оқу тапсырмасын орындаған оқушыны «Ауызша мадақтау» әдісімен бағалау. Жауабын толықтыру, тиімді кері байланыс жасау.
Зат
тар суре
ті
Жаңа білім
35 мин
(Ұ, Д) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады. Дәптермен жұмыс жүзеге асырылады.
26-жаттығу. - Мәтінді түсініп оқыңдар.
-Мәтін мазмұны бойынша бір-біріңе сұрақ қойыңдар.
-Осы мәтін арқылы бізге қандай ой айтқысы келді деп ойлайсыңдар?
-Мәтіндегі нақыл сөздерді теріп жаз. Олардың мағынасын топта талқылаңдар.
-Көне, пырақ, айбар, игілік сөздерінің мағынасын түсіндірме сөздіктен қараңдар.
-Мәтіндегі қарамен берілген сөздерді сөз құрамына талдаңдар.
27-жаттығу. Өлеңді көркем жазыңдар.
Мәтінді сөз құрамына талда. Түбір мен қосымшаны тиісті белгімен белгілеңдер.
Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.
Кейбір оқушыға: - Тақырыпқа сай мысалдар жаз.
Сергіту сәтінде «Қаражорға» билейді.
(Т, Д) 2-тапсырмада дәптермен жұмыс жүзеге асырылады.
28-жаттығу. Сөздерді оқып, түбірін табыңдар.
Бір-лік, су-ат, жел-сіз, біл-ім, сауат-ты, кіші-лік, бала-лық, көр-ме, ақыл-ды, ойын-шық, темір-ші. -Жұрнақтар сөз мағынасын қалай өзгерткенін түсіндіріңдер.
30-жаттығу. Соңғы сөздердің мағынасына қарай өлең құрастырыңдар.
Кіп-кішкентай торғайды Барлық адам қорғайды. Табиғатта ойнаймыз, Қамқорлықты ойлаймыз.
Сұрақтарға жауап береді.
Тапсырманы орындайды.
Билеп сергиді.
Тапсырманы орындайды.
Сызбамен жұмыс жасайды.
Дескриптор: Мәтінді оқып,
мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қойып, жауап алады-2балл.
Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды-1балл.
- Мәтіндегі нақыл сөздерді теріп жазады-1балл.
-Мағынасын топта талқылайды-1балл.
-Сөздерді сөз құрамына дұрыс талдайды-2балл.