3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау
3.4.1.1* э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар: мәтіннің тақырыбы бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды, ф әрпі бар сөздерді сауатты жаза алады.
Көптеген оқушылар: мәтін кейіпкері туралы өз пікірін ашып айта алады.
Кейбір оқушылар: мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырып, оған жауап бере алады.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығулары арқылы жүреді.
Топқа бөлгенде «Таңдау» әдісіарқылы фотоаппарат, микрофон, телефон, факель суреттерін бірін таңдайды.
Оқу материалын жариялау «Сұрақтар ілмегі» әдісі бойынша жүреді. -Өткен сабақта қандай тақырып өттік?
-Бүгін алған суреттеріміздің атын атайық. Қандай ортақ дыбыс бар? (Ф)
-Ендеше бүгінгі сабағымызда да ф әрпі бар сөздерді сауатты жазу үшін тапсырмалар орындаймыз.
(Т, Д) «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі.
12-жаттығу. Мәтінді оқы. -Мәтін не туралы?
-Телефоннан басқа қандай байланыс құралдарын білесің?
- Мәтіннен ф дыбысы бар сөздерді тап.
-Досыңа қоғамдық орында ұялы телефонды пайдалану ережесі бойынша нұсқаулық дайында.
28-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз . 1. Фарида «Алматы кілем» фабрикасында істейді. 2. Анам фарфор шәйнекті күтіп ұстайды. 3.Микрофон алдында сөйлеп тұрған Құралай екен.
Ф әрпі бар сөздердің мағынасына назар аудар.
Фарфордан қандай бұйымдар жасалатынын дереккөздерден біліп ал.
Дескриптор: -Мәтіннің телефон туралы екенін анықтайды.
-Телефоннан басқа байланыс құралдарын атайды.
- Мәтіннен ф дыбысы бар сөздерді табады.
-Досына қоғамдық орында ұялы телефонды пайдалану ережесі бойынша нұсқаулық дайындайды.
Сергіту жаттығуы: «Жаяу» әні.
(Д, Ж) «Сиқырлы телефон» ойыны.
29-жаттығу. Шарты: Келесі сөз алдыңғы сөздің соңғы дыбысынан басталсын және сөздің құрамында ф дыбысы болатын болсын.
Үлгі: Шкаф – фарфор, рақмет, табыс…, …
Дескриптор: - Алдыңғы сөздің соңғы дыбысынан басталатын сөздерді кезекпен айтады.
-Мәтіннің телефон туралы екенін анықтайды.
-Телефоннан басқа байланыс құралдарын атайды.
- Мәтіннен ф дыбысы бар сөздерді табады.
-Досына қоғамдық орында ұялы телефонды пайдалану ережесі бойынша нұсқаулық дайындайды.
Билеп сергиді.
- Алдыңғы сөздің соңғы дыбысынан басталатын сөздерді кезекпен айтады.