(Ұ) 1- тапсырма «Орындап көр»әдісі арқылы жүзеге асады.
1) Сандарды кему ретімен жазып мақалды оқы.
250000, 200000,190000, 189000, 180000, 155000.
Жауынмен жер көгереді,
Батамен ел көгереді.
2) Есепті оқы. Есептің амалдар бойынша қалай шығарылғанына қара. Өрнектерді қарастыр, амалдардың орындалу тәртібін көрсет. Олардың қайсысы берілген есепке қатысты екенін анықта.
(6*5+5):7 6*5+5*7 (6+5:5):7
1)6*5=30 1)6*5=30 1)5:5=1
2)30+5=35 2)5*7=35 2)6+1=7
3)35:7=5 3)30+35=65 3)7:7=1
Ж: (6*5+5):7 өрнегі берілген есепке қатысты.
Сергіту сәтінде «МАЕСТРА» әуенімен билеп сергиді.
(Д) 2- тапсырма «Есептеп көр» әдісі арқылы жүзеге асады.
3) Есептерге өрнектер құрып шығар.
а) Ш: (20+12):4=8
Ж: 8 күн оқиды.
ә) Ш: 145+423=568
Ж: 568 ертегі кітап бар.
б) Ш: 18:2+18=27
Ж: барлығы 27 ертегі бар.
в) Ш: (60-27)+12=45
Ж: үшінші күні 45 кітап берді.
4) Сандарды өсу ретімен жазып мақалды оқы.
100000, 105000, 110000, 111000, 120000, 130000, 150000, 200000
Тау мен тасты су бұзар,
Адамзатты сөз бұзар.
Өзің мақал таңдап осылай көрсет.