3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар: диктант мәтінін кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады, жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен табады.
Көптеген оқушылар: жіберілген қателерді тауып түзетеді және қорытынды шығарады.
Кейбір оқушылар: қосымша грамматикалық тапсырмалар орындай алады.
Ынтымақтастық атмосферасынқалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.
-Бүгінгі сабақта бақылау диктантын жазатын боламыз.
Жаттығу жасайды.
Жаңа білім
40 мин
1 мин
(Д) 1-тапсырма бақылау диктантын жазу: Көктем келді. Көктем де келді. Ауылдың ортасынан қақ жарып ағып жатқан өзен таси бастады. Қар еріп, сай – саланы су алды. Өзен жағасына жақын тұрған үйдің адамдары түнімен ұйықтамай шығады. Ауыл қариялары қолдарын көлегейлеп ұшқан құсқа жиі қарайды. Өйткені тырна келген соң, жер жыртуға болады. Олар сол сәтті тосады. Тырналар ұшып келді. Жұрттың бәрі тыраулаған тырналардың соңынан ұзақ қарап тұрды. ( 56 сөз )
Грамматикалық тапсырма: 1- тапсырма: Сөйлемді сөйлем мүшесіне талдап, үстіне сөз таптарын жазып көрсет. 1 – нұсқа: Өзен жағасына жақын тұрған үйдің адамдары түнімен ұйықтамай шығады.
2 – нұсқа: Жұрттың бәрі тыраулаған тырналардың соңынан ұзақ қарап тұрды.
2 – тапсырма: Зат есімді жекеше, көпше түрде тәуелде. 1 – нұсқа: Тырна деген сөзді.
2 – нұсқа: Өзен деген сөзді.