Бөлім
|
Су - тіршілік көзі
|
Педагогтің аты-жөні
|
|
Күні:
|
|
Сынып:
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Есептік және реттік сан есім
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу
3.4.2.6 есептік және реттік сан есімдердің айырмашылығын анықтау
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар: сөйлемнен сан есімді табады, есептік және реттік сан есімдердің айырмашылығын анықтай алады.
Көптеген оқушылар: сұрақтарға жауап беріп, сан есімдерді ажырата алады.
Кейбір оқушылар: сан есім түрлеріне мысалдар жаза алады.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезең
уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурс
|
Ұйымдастыру,
өзін –
өзі тексеру
Өткен білімді еске түсіру
8 мин
|
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығулары арқылы жүреді.
Топқа бөлгенде «Санау» әдісі қолданылады.
Өткен тақырыпқа шолу:
А) Үйге берілген оқу тапсырмасын тексеру.
Ә) Сұрақ-жауап:
-Өткенде қандай сөз табы туралы оқып білдік?
-Сан есімнің анықтамасын, сұрақтарын еске түсіріп, түрлеріне мысалдар келтіріңдер.
- Олай болса, бүгінгі сабағымызда сан есімнің түрлерін ажыратуға бағытталған тапсырмалар орындаймыз.
Сабақ мақсаты жария етіледі.
|
Ширату жаттығуларын жасайды.
Топқа бірігеді.
Үй тапсырмасын тексертеді.
Тақырыпқа қатысты білетіндерін айтады.
Сұрақтарға жауап береді.
|
Тапсырма орындаған оқушыны «Ауызша мадақтау» әдісімен бағалау.
Жауабын толықтыру, тиімді кері байланыс жасау.
|
Пазл суреті
|
Жаңа білім
20 мин
2 мин
Бекіту
10 мин
|
(Т, Д) 1- тапсырма- «Еркін әңгіме» әдісі.
39-жаттығу.
Өлеңді мәнерлеп оқыңдар.
Өлең мазмұны бойынша бір-біріңе сұрақ қойыңдар.
-Суда жүзудің пайдасы қандай?
-Суда жүзуді үйрену үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
-Өлеңдегі қарамен берілген сөздердің мағынасын сөздіктен біліп алыңдар.
40-жаттығу.
Есептік сан есімді реттік сан есімге айналдырып жазыңдар.
Неше?-Нешінші?
бір қатар – брінші қатар
үш орын – үшінші орын
тоғыз мектеп – тоғызыншы мектеп
алты сынып – алтыншы сынып
Сан есімдерге сұрақ қойыңдар. Олардың мағыналық өзгешелігін айтып түсіндіріңдер.
|