(Т) «Галерея» әдісі.
Қабырғаларға алдын ала оқулықта берілген құрылғылар бейнеленген суреттер ілінеді. Сол суреттерді оқушылар аралап, тамашалап, өз ойларымен бөліседі.
|
1- тапсырма:
Тәжірибеңе сүйеніп компьютерге қатысты құрылғыларды анықта (5-сурет). Бұл құрылғылардың қызметін білесің бе?
Дескриптор:
Қабырғада ілінген суреттермен танысады.
Құрылғыларды атқаратын қызметіне қарай ажыратады.
Компьютерге қатысты құрылғыларды анықтап жазады.
Жазған құрылғылардың қызметін айтады.
|
ҚБ: Мұғалім топта белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша –«Жарайсың!». Тіктөртбұрыш – «Жақсы!». Үшбұрыш –«Талпын!».
|
|
(Ж) «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі.
Интерактивті тақтадан әртүрлі құрылғылар бейнеленген 4 сурет көрсетіледі.
|
2-тапсырма:
Көрсетілген құрығылардың бәрінің қызметін қосса, қандай құрылғы шығады (6-сурет). Түсіндір.
Дескриптор:
Экранда көрсетілген құрылғылармен танысады.
Құрылғыларды атқаратын қызметіне қарай ажыратады.
Құрылғылардың бәрінің қызметін қосса, қандай құрылғы шығатынын анықтайды.
|
ҚБ: Мұғалім жұптық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша – «Жарайсың!». Тіктөртбұрыш – «Жақсы!». Үшбұрыш – «Талпын!».
|
Интерактивті
тақта
|