Сабақ Дайындаған математика мұғалімі Оралбаева Г. С


бөлім: «Теорияны эксперименттік түрде бекіту»



бет2/3
Дата20.12.2023
өлшемі68,05 Kb.
#141813
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Логарифмдік және көрсеткіштік теңдеулерді шешу тақырыбына ашық сабақ ,11 сынып

2 бөлім: «Теорияны эксперименттік түрде бекіту»

Бұл бөлімде теорияны пайдалана отырып, логарифмдік және көрсеткіштік функцияларының графиктерін сызамыз:(Тақтаға 4 оқушы шығады)



  • у = log 2 х функциясының графигін сыз.

  • у = log 1/2 х функциясының графигін сыз.

  • у = 2 х функциясының графигін сыз.

  • у = 1/2 х функциясының графигін сыз.

( Мұғалім интерактивтік тақтада у=х түзуі логарифмдік және көрсеткіштік функцияларының симметрия түзуі болатының көрсетеді)
Осы слайд газеттің бетіне орналастырылады.
Келесі бөлімге өтпестен бұрын,төменгі есептерді шығарамыз:

1) Көрсетілген функциялардың негіздеріне қарап,өспелі немесе кемімелі екенің анықта:


а) у = log3 х; б) у = log0,5 х; в) у = log х; г) у = logπ х; д) у = lg .
2) Анықталу облыстарын тап:
а) у = log3 (х-4); б) у = log0,5 (10х-5); в) у = log (х - 16); г) у = logπ ( х - 2х - 3)

3 бөлім: «Практикалық ұсыныстар»

Кез келген тақырыпта өзіне тәң ерекше есептер болады. Бүгінгі тақырып бойынша, әр-түрлі әдіс-тәсілдерді талап ететін логарифмдік теңдеулерді шығарамыз , көрсеткіштік теңсіздіктердің ерекшеліктерін көрсететін есептерді үлгергенімізше шығарып, қалғаның үйге аласыңдар.


( Оқушылар тақтада есеп шығарады)
Тақтада есептер шығарылып болған соң, мұғалім барлық қолданылған әдіс – тәсілдерге тоқталып, практикалық ұсыныстар жасайды. Ұсыныстар алдын ала қағазға шығарылып, газет бетіне ілінеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет