Дидактикалық талаптар: сабақтың ұқыпты, айқын, дұрыс ұйымдастырылуы, оқушылар алдындағы тақырыптың дұрыс таңдап алынуы, білімдік және тәрбиелік мақсаттармен қатар сабақтың нақты тапсырмаларын ұтымды жүргізіп пайдалануға әсер етеді. Сабақ жоспарын жасаған уақытта мұғалім сол өтілетін тақырыбының мазмұнына сай әдісін дұрыс таңдай білуі тиіс.
Ауызша (әңгіме, кеңес, дәріс, кітаппен жұмыс)
Зертханалық, тәжірибелік жұмыстар. Бұл жүйе білім алудың негізгі түпнұсқасына негізделген. Егер балалардың есту қабілеті арқылы ақпараттың 20 пайызын, көру қабілеті арқылы, 40-60 пайызын қабылдай алатынын ескерсек, бұл әдістердің тиімді екеніне дау жоқ.