Бағалауға қойылатын шарттар қандай?
Бағалау жүйесі – мектеп оқушыларының қызметінің нәтижелерін ағымдағы және қорытынды бағалауды, педагогтар мен мектептің қызметін бағалауды, білім беру жүйесі қызметінің нәтижелерін бағалауды қамтитын күрделі және көпфункционалды жүйе. Осыған сәйкес бағалау жүйесі атқаруы керек:
1. Бағалау қызметінің мақсаттарын белгілеу: а) нәтижеге жетуге бағыттау; б) білім берудің барлық аталған нәтижелерін (пәндік, метапәндік және жеке тұлғалық) бағалауға кешенді көзқарасты қамтамасыз ету; в) жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу туралы алынған ақпараттың негізінде білім беру жүйесін реттеу мүмкіндігін, басқаша айтқанда, әр сыныпта, мектепте білім беру процестерін жақсарту және жетілдіру үшін педагогикалық шаралар қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз ету.
2. Критерийлерді, рәсімдерді, бағалау құралдарын және оның нәтижелерін ұсыну нысандарын белгілеу.
3. Бағалау жүйесін қолдану шарттары мен шекараларын белгілеу.
Бағалауға критериалды-бағдарланған тәсілдер негізінде білім алушылардың білім беру нәтижелерін бақылау жүйесі мен сапасын бағалау өзекті болып табылады. Критериалды-бағдарланған тәсілдерді қолдану білім алушылардың оқу жетістігін бағалаудың обьективтілігі мен қолжетімділігі деңгейін едәуір көтереді. Заманауи мектепте білім алушылардың білім беру қызметін бағалауға критериалды тәсілдер қажет, осындай тәсілдер кері байланысты жүзеге асыруға көмектеседі, білім беру процесінің барлық қатысушыларына өлшенетін критерилер және оқыту нәтижесін көруге мүмкіндік береді. Бағалау жүйесінің маңызды сипаты, ол тек ғана бағалауды қою кезінде ғана қолданылмайды, толығымен мұғалімдер, білім алушылар және ата-аналар арасындағы білім беру процесінің жетістігі себептері бойынша бақылау диагностикалық байланысты жүзеге асырады. Білім беру жетістігін бағалау кезінде бағалау жүйесі осындай балалардың оқу жетістігін обьективті көрсетіп ғана қоймау керек және білім алушылардың білім беру процесін одан әрі қолдау үшін негіз болу керек. Бағалау жүйесі оқыту жетістігін өлшеу мен оқыту мәселелері диагностикасы болып табылады, оқытудың стратегиясы мен тактикасы бойынша түбегейлі шешім қабылдау, күтілетін нәтижелерді бағалау түрі мен білім мазмұнын жетілдіру ретінде білім беру процесі сапасын анықтауға мүмкіндік береді. Білім беру жетістіктерін бағалау кезінде алынған нәтижелер арақатысы мен оқыту кезіндегі жоспарланған мақсаттарға жетудің маңызы зор.
Жалпы алғанда, бағалау және өзін-өзі бағалау жүйесі - білім беру процесінің өз-өзін қадағалап отыратын, ерекше маңызға ие нақты механизмі. Критериалды бағалау сабақ беру, бағалау және оқытудың өзара байланыс принциптері негізінде дайындалған. Оның негізгі принциптеріне төмендегілер жатады:
• Бағалау білім жүйесінің міндеттеріне негізделген. Бағалау өзіндік мақсат болып саналмайды. Бұл жалпы білім беруді жетілдірудің механизмі болуымен қатар, әр оқушының оқу жетістігін жақсартудағы тиімді практика түрі болып табылады. Білім беру жүйесі міндеттері бағалауды және оны өткізудің жолдарын анықтайды.
• Бағалау процесі әділ, нақты, сенімді және айқын болып табылады. Бұл бағалау барысында қолданылатын ақпараттардың сенімділігі мен айқындығын қамтамасыз етіп, тапсырмалар мен оларға сәйкес критерийлердің оқушылардың оқу жетістіктеріне жеткендігін бағалайтынын анықтайды.
• Бағалау білім беру мазмұнының құрамдас бөлігі болып табылады, бағдарлама мақсаттары мен күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты болып келеді. Ол мақсаттардың айқындығын қамтамасыз ете отыра, бағалау түрлерінің (қалыптастырушы және жиынтық) және бағалау рәсімінің оқу бағдарламасына сәйкестігін анықтайды.
• Бағалау қолжетімді, анық және ашық түрде болады. Ол қажетті ақпаратты уақытында беріп отыруға мүмкіндік тудырады, оқушылардың өзін - өзі реттеу тәртібін дамытып, процеске қатысушылардың жауапкершілігін арттырады.
• Бағалау үздіксіз өткізіледі және оқушының оқу жетістіктерін анықтауға, жеке даму траекториясын жасауға мүмкіндіктер тудырады.
• Бағалау мектептің, мектеп ұжымының және оқушылардың даму бағытын айқындау жолындағы басты фактор болып табылады. Осы процеске қатысушылардың өз міндеттерін атқарудағы құзіреттілігін арттыруға мүмкіндік тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: |