Сабақ дегеніміз не және оның ерекшелігі қандай?


Дүниетану сабағында оқыту нысандары деп нені түсіндіруге болады?



бет5/9
Дата07.01.2022
өлшемі25,72 Kb.
#19396
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
бакылау сурактары

Дүниетану сабағында оқыту нысандары деп нені түсіндіруге болады?

Мектептегі “Дүниетану” пәндерін оқыту барысында сабақтан басқа да оқыту нысандары қолданылады. Сабақтың мазмұнына байланысты міндетті түрде өткізілетін танымжорықтар (экскурсия), сабақтан тыс, үйде орындалатын жұмыстар, кеңестер, қосымша сабақтар, жұмыстар, міндетті емес сыныптан тыс жұмыс түрлері, мектептің оқу-тәжірибе учаскесінде орындалатын жұмыстар мен тірі табиғат мүйісінде, арнайы кабинетте орындалатын жұмыстар.

Сабақ кезінде мұғалім оқытудың барлық әдіс-тәсілдерін қолданады.Өсімдіктер мен жануарларды демонстрациялайды, зертханалық және практикалық жұмыстарды жүргізу барысында, олардың құрылысымен таныстырады. Тірі ағзалар тіршілігінің дамуын, бір-бірімен қарым-қатынастарын білу үшін ұзақ уақыт бақылау жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындайды, сондықтан оқытудың басқа нысандары қолданылады және ол сабақ оқыту нысанын толықтырады.

Сабақ кезінде орындалатын практикалық жұмыстар, зертханалық жұмыстар, оқу-тәрбие учаскесі, тірі табиғат мүйісі, жас табиғатшылар үйірмесіндегі орындалатын жұмыстардың үлкен тәрбиелік маңызы бар. Олар оқушылардың танымдық қызығұшылығын, ұйымдастыру қабілеттілігі мен қоғамдық дағдыларын, еңбек мәдениетін және көпшілдік сезімін дамытады. Табиғаттың көркемділігі, оның байлығымен танысу, әсіресе топсеруен кезіеде отаншылдық және эстетикалық, экологиялық сезімдерін тәрбиелейді. Табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға бағытталған тәрбие жұмыстары жеке бастың әтикалық ерекшеліктерін де қалыптастырады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет