Сабақ Дене даму қасиеттері Күш Төзімділік Ептілік Жылдамдық Икемділік


Икемділік және оны дамыту әдістері



бет4/4
Дата21.05.2023
өлшемі1,33 Mb.
#95653
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
ДШ

Икемділік және оны дамыту әдістері
Адамның жаттығуды үлкен амплитудамен орындай алу қабілеттілігін икемділік дейміз. Икемділіктің өсуі буын құрылыстарына: бұлшық еттің, сіңірдің созылымдылығына; көңіл-күйге (жоғары көңіл-күйде икемділік артады); бой қыздыруға, сыртқы температураға; тәулік уақытына (12-ден 17- ге дейін ол көп); жасқа (15-16 жаста икемділік көп кезі;) күш даму деңгейіне (күші көп адамдардың икемі аз); спорттық мамандыққа және т.с.с. байланысты. Икемділік белсенді және енжар (бәсең) болады. Бұлшық ет күшімен, үлкен амплитудамен қозғалысты орындау қабілеттілігін белсенді икемділік дейміз. Сыртқы орта әрекеті күшімен, үлкен амплитудамен қозғалысты орындау қабілеттілігін енжар (бәсең) икемділік дейміз (штанга, бірге жаттыққан спортшы, бапкер, т.б.).
Икемділікті дамытудың амалдары мен әдістері
Икемділікті дамытудың негізгі амалы: өзінді ұстау, сыртқы көмек, т.с.с. Икемділік жаттығуларын бой қыздырудан кейін қай сабак бөліміне де кіргізуге болады. Икемділік жаттығуларын орындағанда нақтылы міндет қою қажет. Мәселен, белгілі затты алу бір затқа допты дәл тигізу, т.с.с. Созылу жаттығу сериясынан кейін, босаңсу жаттығулары орындалады (2-3 апта). Икемділікті дамытудың негізгі әдісі-қайталау. Жаттығуларды ретті, сериялармен қол буындарына, кеудеге, аяқ буындарына арнап орындау қажет. Икемділік жаттығуларын қайталау мөлшері әртүрлі. Жамбас буынындағы иілу және жазу жаттығуларындағы амплитуданың қозғалу шегі 30-40 рет. 11-14 жастағыларда 30-40 рет, 15 жастағыларда 45 рет қайталанғаннан кейін жетіледі. Одан ары қарай амплитуда қозғалысы азаяды, жаттығуды тоқтатқан дұрыс. Сонымен, созылу жаттығуларын амплитудалық орындау шегіне жеткізе, яғни буындарда жеңіл ауру сезімдерін сезінгенше орындау қажет
Назар салып
тыңдағандарыңызға
рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет