Сабақ Дене даму қасиеттері Күш Төзімділік Ептілік Жылдамдық Икемділік



бет3/4
Дата21.05.2023
өлшемі1,33 Mb.
#95653
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
ДШ

Төзімділікке жетілдіру
Спорттың әр түрінде пайда болатын төзімділік факторлары мен ерекшеліктері. Спорттың кез келген түрінде пайда болатын төзімділік спортшының басқа қабілеттерімен тығыз байланысты көп факторлы қабілеттілік болып саналады. Ол негізгі факторлардың 4 тобынан құаралады:
  • спортшының дәлелдеуі және еріктілік сапасына байланысты жеке бастық-психологиялық факторлар;
  • энергияның алмасуы мен өзгеруін қамтамасыз ететін жүйелердің «қызмет атқару қуаты» мен жұмысты энергиямен қамтамасыз ететін факторлар;
  • ағзаның ішкі ортада жылжуы кезінде жүйкенің қызмет атқару белсенділігін қажетті деңгейде сақтап қалуға мүмкіндік туғызатын «қызмет атқару тұрақтылығының» факторлары;
  • ағза энергетикалық ресурстарын пайдалану тиімділігіне тәуелді бәсеке барысында күшті үйлестіре жетілдіру мен тиімді үйлестірудің «қызмет атқаратын үнемделу» факторлары.

Қимыл әрекеттерінің қандай болса да бір түріне ешқашан мәлім бола алмайды. Олардың таңдаған кезде екі бөлігінің маңыздылығы бірдей болады: біріншіден, жүрек-тамыр және тыныс алу жүйелерінің сондай-ақ ағзаның тіршілік үшін маңызды басқа жүйелерінің қызмет атқару мүмкіндіктерін кеңейтетін құралдар ретіндегі жаттығулардың тиімділігі, жұмыс істеу қабілетінің жалпы деңгейі соларға байланысты: екіншіден, арнайы дайындық және жарыс жаттығуларына жалпы дайындық сипатындағы жаттығулардың көмегімен дамитын төзімділіктің жағымды «тасымал» әсерін пайдалану мүмкіндігі.
Төзімділікті жетілдіру құралдары.
жалпы дайындық жаттығулары

Төзімділікке жетілдіру әдістемесінің жалпы дайындық бөлімі мынадай типтік ерекшеліктерімен сипатталады:
  • төзімділіктің жалпы факторларына жан-жақты әсер ете алатын жалпы дайындық жаттығулардың жинақтау;
  • машықтандыру жүктемесін біртіндеп арттыру және олардың шексіз арту дәрежесі;
  • әдістерді таңдап алудың кең көлемдегі және олардың мардымсыз мамандандырылуы.

  • Жалпы төзіміділкті жетілдіру кезінде тұтас әсер етудің жиынтық сипаты жеке әдістерді болғызбай қоймайды /бірқалыпты және өзгермелі машықтандырулар жұмысының көлемі мен қарқындылығы мұнда оттегін жұмсауды қамтамасыз ететін жүрек тамыр және алу жүйесінің атқаратын қызметін мүмкіндігінше толық және ұзақ белсенді ету есебін қалыпқа келтіреді.

Ептілікті дамыту жаттығуларын сабақтың бірінші жартысында кіргізген дұрыс, өйткені организм болдыра бастағанда ол жаттығулардың нәтижесі аз болады. Ептілікті козғалыс, көру, есту, дене арқылы сезіну анализаторларының екпінді өсуі кезінде дамытқан тиімді. Ептілік-жаңа қозғалыстарды тез игеру қабілеті (тез үйрену қабілеті), тосыннан өзгеріп отыратын жағдайдың талаптарына сәйкес қозғалту қызметін тез өзгерту. Ептіліктің дамуы жүйке жүйесінің бейімділігі, өзінің қозғалысы мен айналадағы жағдайды сезіну және қабылдау қабілеті негізінде жүзеге асады. Қозғау міндетінің табысты орындалуы сол қозғалыстың кеңістік, уақыт және күш компоненттерінің дәлдігімен анықталады. Спортшыларды ептілікке тәрбиелеу қимыл үйлесімін дамытумен, келісімділікпен, дәйекті қимыл жасай білумен байланысты. Ептілік кез келген қозғалыстың (жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу, т. б.) қажетті компоненті болып табылады
Ептілікті жетілдіру үшін ең жақсы жағдай қимыл-қозғалысы көп ойындарда жасалады: бала тез ойлап табу, көз жеткізу, заттардың арасымен ептілікпен жүре білу күтпеген жерден жағдай өзгерген кезде кеңістік және уақыт бағдарының көмегімен қолайлы сәтті пайдалана отырып, инициатива жасау қасиетін көрсетуі керек. Ептілікті жетілдіру үшін заттармен-секіргіш жіппен, доппен, шығырмен, таяқпен және т.с. жаттығуды жақсы жасауға тапсырма беру тиімді болады. Екеу-екеу, шағын топ боп бірлесіп-доппен, құрсаумен, сырықтармен, жіптермен және басқалармен жаттығу жасау пайдалы. Ептілікті дамыту міндеті жаттығуларды жүйелі түрде өзгертіп отыруды немесе жаңалықты қолдап отыру және үйлесімділік қиындығын біршама арттыру үшін олардың жаңа варианттарын қолдануды талап етеді. Баланың қозғалыс дағылары неғұрлым қалыптасқан сайын жаңа қозғалысты игеру жеңілдей түседі және ептілік жетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет