Зорлық – зомбылық түрлері 1. Физикалық зорлық: Соққы, жармасу, алақанмен немесе жұдырықпен не болмаса басқа да нәрселермен ұру, ешқайда шығармау, тұншықтыру, соққыға жығу, ұрып – соғу, қару- жарақ қолдану, отпен зақымдау, әлеуметтік немесе медициналық көмектің жәбірленушіге қолжетерлік жағдайда болмауы және т.б.
2. Жыныстық зорлық:
Күшпен, қорқыту немесе бопсалау арқылы жыныстық қатынасқа көндіру, зорлау; жыныстық қатынастағы әрекет арқылы жәбірленушінің денсаулығына қиянат жасау және т.б.
3. Психологиялық зорлық:
Сөзбен кемсітушілік, бопсалау, құрбандарға және басқаларға өзіне қатысты зорлыққа қоқанлоқы, жеке заттар мен үй жануарларына қатысты зорлық арқылы қорқыту; аңду; жәбірленушінің қызметін бақылау; жәбірленушінің араласатын ортасын бақылау; зәбірленушінің әр түрлі орындарын (әлеуметтік және медициналық көмегін, жолкөлігін, достарымен араласуын, білім алуын, жұмысын және т.б.) бақылау.
4. Эмоциялық зорлық: жәбірленушіні өзін кемсітетін әрекеттерге күшпен көндіру, жәбірленушінің күн тәртібіне бақылау жасап отыру т.б.
5. Экономикалық зорлық:
Балаларды қамтамасыз етуден бас тарту; табысты; отбасылық қаражатты оң- солды жұмсау, көптеген қаражаттық шешімдерді өз бетімен қабылдау ( азық – түлік алуда балалардың қажеттіліктері есептелмейді).
6. Балалар еңбегін қанау:
күшпен жұмыс істету, құлдық, қорқытып алу, қайыршылық.
Отбасындағы зорлық туралы аңыздар мен шындық Қазіргі уақытта баланы отбасында қорлау сирек кездеседі. Ол өткен кезеңде адамдар қатал болған кезеңде қалып қойған.
Ішкі істер министірлігінің статистикасы бойынша орын алған қылмыстың көбісі – ол отбасы – тұрмыстық жағдайда болған қылмыстар.
Зорлық әлеуметтік деңгейі төмен отбасыларында ғана болады.
Зорлық әлеуметтік деңгейі әр-түрлі және жұбайлардың білім деңгейі әр-түрлі отбасыларында болуы мүмкін. Бұның ерекшелігі әлеуметтік деңгейі төмен отбасыларындағы зорлық барлық адамдардың көзінше бола береді, ал әлеуметтік деңгейі жоғары отбасыларында бұндай жағдайды көбінесе жасырады.
Зорлықтың бір себебі алкоголизм. Шынымен, зорлық жасау актілері көбінесе алкоголдік жағдайда болған кезде орын алады. Зомбылықтың орын алуына алкогол кінәлі емес, оны жасаған адам кінәлі. Сондай-ақ кейбір зомбылықтың иесі «салауатты өмір салтын» ұстанатын еркек немес әйел болуы мүмкін.
Отбасындағы зорлық, ол болса да ол отбасының жеке мәселесі..
Отбасындағы зорлық – бұл қылмыстық жазаланатын әрекет. Көптеген елдерде заңгерлер мен адвокаттар отбасындағы зорлық барлық қылмыс түрлерінен бірінші орында деп санайды. Насилие в семье – это уголовно наказуемое деяние. Егер отбасындағы зорлыққа ертерек аралассаң, онда барлығы қолайлы бітуге мүмкіндік мол.
Бала (балалар) – он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам ( «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР-ның 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі.).