Балаларға қатысты қатыгездіктің алдын алу тҥрлері Балаларға қатысты қатыгез қарым-қатынастың алдын алу жүйесінің негізінде отбасының ішкі ресурстарына бағдарлануды кӛздейтін және халықтың отбасылық құндылықтары мен отбасының және бірінші кезекте балалардың психоәлеуметтік әл-ауқатын қолдауға қатысты әлеуметтік белсенділікті қалыптастыруға бағытталған орталықтандырылған тәсіл жатыр. Осыған байланысты қатыгездікті еңсеру жӛніндегі іс-қимылдарды жоспарлаудың негізгі элементі балаға бағдарланған және отбасына бағдарланған тиімді және жан-жақты алдын алу шараларының кешені болып табылады, ол денсаулық сақтау, білім беру мекемелерінің, әлеуметтік қорғау жүйесінің, құқық қорғау органдарының және сот тӛрелігі органдарының ведомствоаралық ынтымақтастығына негізделеді.
Балаларға қатысты қатыгез қарым-қатынастың алдын алу жүйесінде алғашқы, екінші және үшінші реттік алдын алуға бӛлінеді.
Алғашқы алдын алу – балаларға қатысты қатыгез қарым-қатынастан қорғаудың басымды іс-әрекеті және қатыгез қарым-қатынас қаупі факторларының пайда болуын болдырмауға, отбасылық қарымқатынастардағы проблемаларды ерте кезеңде анықтауға және түзетуге, отбасы функцияларын (репродуктивті, педагогикалық, әлеуметтену міндеттері және т.б.). Алғашқы алдын алу – балаларға қатыгез қарым-қатынастан қорғаудың басымды іс-әрекеті және зорлық-зомбылық қаупі факторларының пайда болуын болдырмауға, отбасылық қарым-қатынастардағы проблемаларды ерте кезеңде анықтауға және түзетуге, отбасы функцияларын (репродуктивті, педагогикалық, әлеуметтену функциялары және т.б.).
Әлеуметтік қызмет кӛрсету мекемелерінің негізінде балалар мен атааналарға арналған ағартушылық және білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру (оларды алмастыратын тұлғалар) мыналарға мүмкіндік береді:
кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша құқықтық сауаттылығын арттыру;
ата-аналарды балалардың құқықтарын қорғаудың құқықтық аспектілерімен таныстыру
тәрбиенің зорлық-зомбылық әдістерін жоққа шығара отырып, жауапты ата-ана болу дағдыларына үйрету бойынша ата-аналармен жүйелі жұмыс жүргізу;
балаларды ағартушылық және білім беру бағдарламаларына волонтер ретінде тарту,
мысалы, мекемеде балаларға қатыгездіктің алдын алуға бағытталған волонтерлік қозғалысты бастау, балаларға қатыгездіктің алдын алуға қоғамның назарын аудару;
балаларды қатыгезтікпен күресу мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру механизмін әзірлеу;
- балаларды қатыгездікпен күресу мәселелерінде қоғамдық ұйымдармен, жастар бірлестіктерімен және т.б. тұрақты ӛзара іс-қимыл орнату.
Балаларды қатыгез қарым-қатынасты алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастырудың маңызды аспектісі – балалардың құқықтарын қорғау жӛніндегі ақпараттық науқандарға, әртүрлі санаттағы жастар арасында әлеуметтік жарнамалар, плакаттар конкурстарын ӛткізуге балалардың ӛздерін тарту. Ата-аналар мен балалардың бірлескен іс-шараларға, түрлі акциялар мен мерекелерге қатысуы балалар мен ата-аналар арасында эмоционалдық жақындық пен сүйіспеншілікті қалыптастыруға, сындарлы ӛзара әрекеттесу дағдыларын дамытуға кӛмектеседі және ата-аналарға балаларын бірлескен ісәрекеттің әртүрлі түрлеріне тартуға үйретуге мүмкіндік береді (ойындарды қоса). Бала құқықтарына құрметпен қарауды қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдары (теледидар, радио, интернет және т.б.) маңызды рӛл атқарады. Алдын алу іс-шараларды ұйымдастыру және ӛткізу үдерісінде мекемелердің бұқаралық ақпарат құралдарымен ӛзара әрекеттесуі отбасындағы зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынасты насихаттауға, атааналардың оң тәжірибесін таратуға ықпал етеді.