Екі айнымалысы бар теңсіздікті шешу берілген теңсіздікті дұрыс сандық теңсіздікке айналдыратын сандар жұбының жиынын табу немесе берілген теңсіздіктің шешімі жоқ екенін дәлелдеу болып табылады.
Екі айнымалысы бар теңсіздікті шешу үшін келесі алгоритмді қолданамыз:
теңсіздікке сәйкес функцияның түрін анықтаймыз;
ол функцияның графигін координаталар жазықтығына салып, жазықтықты бөліктерге бөлеміз;
жазықтықтың қай бөлігі теңсіздіктің шешімі болатынын анықтаймыз. Ол үшін жазықтықтың бір бөлігінен кез келген нүкте алып, оның координатасын берілген теңсіздікке қойып, дұрыстығын тексереміз.