Сабақ І. Әлем тілдерінің жіктелімі (классификациясы)


Қазақ жазуының даму тарихы



бет14/15
Дата02.03.2023
өлшемі73,67 Kb.
#71325
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Қазақ жазуының даму тарихы

Жауап: Жазу – адамзаттың ұлы мәдени құндылықтарының қатары-на жататын, өркениет дамуының құрамдас бөлігі. Адамзат мәдениетінің өркениетке аяқ басуы дыбыстық жазу Типінің пайда болуынан басталса, өркениеттің әлемиетке ұласуы жазба коммуникацияның, жазба тілдің жоғары даму сатысына жеткенінен хабар береді. Бүгінде жазу кеңістігі ұлғайғаны соншалық оны жазу және мәдениет, жазу - өркениет, жазу - қоғам, жазу мен ойлау, жазу мен тіл, жазу және коммуникация
Қазақ тілінің әліпби жүйесі тарихи кезеңдерден өтіп, ұлттық әліпби деңгейіне жету жолы:

  1. V-VII ғасырларда көне түркі халқы, ата-бабаларымыз ғылымда Орхон-Енесей жазуы деген атпен белгілі көне түркі руна жазуын пайдаланған.

  2. X ғасырдан бастап араб жазуына көшіп, XX ғасырдың басына дейін қолданылды.

  3. 1912 жылы Ахмет Байтұрсынов араб жазуына негізделген қазақ жазуына реформа жасап Жаңа емле деп аталатын жаңа әліпбиді пайдалануға мүмкіндік берді.

  4. 1929-1939 жылға дейін Латын жазуына негізділген Бірыңғай түркі әліпбиі қолданыста болды.

  5. 1940 жылдан бастап латын жазуының орнына кирилл әліпбиін қолданып келеміз.

А.Байтұрсынұлы 1910 жылдардан бастап араб жазуын қазақ тіліне ыңғайластырып, жақындатуды қолға алады да, оны 1912 жылдардан бастап қолданысқа енгізеді. А.Байтұрсынұлы бір халықтың әліпби (алфавит) жүйесін екінші бір халық қабылдағанда, оны өз тіліне икемдеп, үйлестіру қажеттігін, олай етпеген жағдайда әріп мәселесінің дұрыс шешім таппайтынын 1924 жылы өткен Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде ашық түрде айтқан еді.
Бірыңғай түркі әліпбиі - Қазақ тілінің өзіне тән 9 дауысты мен 17 дауыссыз дыбысына 29 әріп арналады. Қазақ кирилл әліпбиі - 1938-39 жж. латын графикасына негізделген әліпбиді орыс графикасына ауыстыру мәселесі қызу талқыға түсе бастайды. 1939 жылы 10 тамызда алғашқы әліпби жоба жарияланады. Жобада 40 әріп: а, ә, б, в, г, д, е, ж, з, и, й, і, к, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ŷ, ұ, ү, ф, х, қ, g, ц, ч, ш, щ, ъ, ы, ь, э, ю, я. Осы тәрізді жобалардан кейін 1940 жылы орыс графикасына негізделген қазақ жазуы қабылданады. Оның емле ережесі де бекітіліп, өңделіп те келе жатыр. 





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет