Сабақ І. Әлем тілдерінің жіктелімі (классификациясы)


Консонантизмдердің естілімі



бет11/15
Дата02.03.2023
өлшемі73,67 Kb.
#71325
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Консонантизмдердің естілімі

Жауабы: Дауыстың (салдырдың) қатысына қарай дауыссыздар үшке бөлінеді: үнділерде дауыс басым, салдыр аз; ұяңдарда, керісінше, салдыр басым да, дауыс аз болады. Қатаң дауыссыз тек садырдан жасалады, оларға дауыс қатыспайды.
А) Үнділер: л, м, н, ң, р, й, у.
Ә) Ұяңдар: б, в, г, ғ, д, ж, з.
Б) Қатаңдар: п, ф, к, қ, т, ш, с, һ, х, ц, ч.



  1. Консонантизмдердің айтылымы

Жауабы:Айтылу (ауаның шығу) жолына қарай 3 топқа бөлінеді:
А) Шұғыл ( эксплозив): п, б, т, д, г, к, қ, ц, ч, (м, н, ң)
Ә) Ызың ( фрикатив): в, ф, ғ, с, з, ш, ж, х, һ, (л, й, у).
Б) Діріл: р.

8 практикалық сабақ


І. Қазақ тіл танымындағы буын мәселесі

1. Буынға қарасты көзқарастар


Жауабы: Біздің сөзіміз айтылуы жағынан ең кішкене бірліктер (бөлшектер) – буындарға ажырайды. Сөздерді, буындаЗЖрды жеке фонемаларға жіктеу лингвистикалық талдаудың нәтижесі деп қарау керек.
Ғалымның ұстанымы бойынша, тұрпаты бөлек болғанмен, тұлғасы бір сөздер болады, мұндай сөздер тұлғасы бойынша жазылады. Еріндіктің бас буында келетінін таңбалап, басқа буындағысын бас буынның әсері деп, жазуда еленбейтіні, мысалы, күлкі (күлкү емес), ғалымның осы ұстанымын керсетеді. Дәстүрлі көзқарас бойынша күлкі, үлкен деген сөздердің екінші буындағы , дыбыстары айтқанда өздерінің негізгі реңкі бойынша таңбаланған, ал олардың [ү],[ө] түрінде дыбысталуы бірінші буындағы еріндіктің әсері деп түсіндіріледі, сондықтан дыбыстардың әлсіз жағдайдағы түрлері мен түрленімдері жазуда белгіленбейді. Өйткені екінші, үшінші буындағы, одан әрі қарайғы буындардағы дауыстылар – әуелден түптұлғалық езуліктер мәртебесіндегі бірліктер. Мәселен, алдыңғы еріндік дыбыстың ықпалына түсіп, езуден ерін емеуріне қарай түрленген қысаң дауыстылардың езулік дауыстылармен келетін жалғаулар жалғанғанда еріндік белгісі солғындап, олар езулік түрінде айтылады. Егер екінші буында «нағыз» еріндік болса, әрі қарайғы буындарда еріндіктердің солғындап кетуіне әсер ететін фонетикалық жағдай жоқ, олай болса, дауыстылардың еріндік белгілерінің өзінен-өзі көмескіленіп кету мүмкіндігі жоққа тән. Алғашқы буындағы еріндіктің сөз мағынасын ажырататын қызметі де, естілімі де күшті, ал екінші буында естілімі күшті болғанмен, сөз мағынасын ажыратпайды, ал үшінші және әрі қарайғы буындарда мағына ажыратпайды әрі естілімі солғындай береді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет