Жауап: Дауысты ашық буын сөздің тек бас шебінде кездеседі: а-ра, о-тан, ө-рік т.б. Дауыссыз+дауысты ашық буын шеп талғамайды, сөздің кез-келген шебінде кездесе береді: ба-зар, ба-ла-лар, жор- ға т.б.
Тұйық буын сөздің тек бас шебінде кездеседі: ақ-тар, ұс-таз, ір-ге, үлкен, ұрт-та, өрт-ті, айт-ты, ұлт-қа т.б.
Бітеу буын шеп талғамайды, сөздің кезкелген шебінде кездесе береді: бат-пан, жал-ғыз-дық, жақ-сарт-ты, бұл-тарт, жұрт-қа т.б.
Жауап:Орфография – сөздерді дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы және оны қарастыратын тіл білімінің бір саласы. Орфография дыбыстарды (фонемаларды) әріппен таңбалауды, сөздерді, оның бөлшектерін бірге, бөлек немесе дефис арқылы жазуды, бас әріптердің қолданылуын, тасымал тәртібін белгілейді. Орфография емле мағынасында да қолданылып, тыныс белгілерінің қойылу тәртібін де көрсетеді. Орфографиялық заңдылық төмендегі принциптерге негізделеді:
Фонетикалық принцип: Сөз бөлшектері қалай айтылса, солай жазылады.Бұл принцип, негізінен, сөздегі қосымшалардың жазылуында ескеріледі. Мысалы: адам-дар, ағаш-тар, қарт-қа т.б.
Дәстүрлі принцип: Қазақтың байырғы сөздері бұрын қалай жазылса, қазір де сол қалыптасқан күйінде жазылады. Мысалы: айуан, хайуанат, Амангелді, Ботагөз, кәмпит, бәтеңке т.б.
Морфологиялық принцип: Біріккен сө, қос сөз сөз тіркестерінің айтылуында олардың бір сыңарының кейбір дыбысы өзгеріске ұшырауы мүмкін, бірақ жазылуда морфологиялық принципке сай түбірлері сақталып жазылады. Мысалы: шегара (шекара), жер- гөк (жер-көк),қоян-ғолтық (қоян-қолтық).т.б.
Орфоэпия – сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылу ережелерінің жиынтығы. Тілдегі сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей бола бермейді. Қазақ тілінде сөздер көбіне қалай жазылса солай оқылады.Кейде сөздердің жазылуы мен айтылуында ерекшеліктер болады. Мынадай жағдайларда сөздердің жазылуы мен айтылуында өзгешеліктер болады:
а) дыбыс үндестігі, қатар келген яғни екі дыбыстың бір-біріне әсер етуі;
ә) еріндік даыстылардың өзінен кейін келген езулік дауыстыларға әсер етуі;