Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: 1-бөлім. Программалау
(ортақ тақырыптары:«Менің Отаным - Қазақстан», «Адами құндылықтар»)
Мектеп:
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні:
Сыныбы:
Қатысқандар:
Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы
Айнымалылар
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
4.4.2.1 Айнымалыларды қолдану;
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу, Түсіну, Қолдану
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар: Scratch программалау ортасында айнымалыларды қолданып, жоба құрастыруды үйренеді.
Бағалау критерийлері
Айнымалы түрлерін ажыратып, Scratch бағдарламасында жоба құрастыра алады.
Тілдік мақсаттар
Пәндік лексика және терминология:
Айнымалы – Переменная –Variable,
Жол-Cтрока-String;
Диалогтар мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері: Айнымалы ұғымы саған таныс па?
Scratch –те спрайттарды қалай қозғалтады? Есіңе түсір!
Құндылықтарға баулу
1. “Мәңгілік ел” идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы”, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі және Астана» құндылығы қалыптасады.
2. Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым- қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.
3. Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық принциптерін сақтайды.
4. Өмір бойы оқу, Қазастандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.
(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл -күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:
Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру
I - Үшбұрыштар тобы
II – Дөңгелектер тобы
III – Төртбұрыштар тобы
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын талқылау.
- Айнымалы ұғымы саған таныс па?
- Суретке қарап математика пәнінде айнымалыны қолдану жайлы не айтуға болады(1-сурет)?
- Scratch –те спрайттарды қалай қозғалтады? Есіңе түсір!
- Программада айнымалыны пайдаланып «Жайлаудағы демалыс» жобасын қалай құрастыруға болады?
Жаңа сабаққа кіріспе (Ұ)«Ортақ белгі табу» (немесе «4 сурет 1 тақырып») әдісін қолданып оқушылар алдыңғы сабақты еске түсіре отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын логистикалық тізбек негізінде табады.
Мақсаты: жылдам әрі функционалды түрде ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбын логистикалық тізбек негізінде анықтауға мүмкіндік береді.