(Т) «Кластерлер» әдісі бойынша оқушылар постерлерге төмендегі тапсырманы топ ішінде орындап, тақтада қорғап түсіндіру қажет.
3-ші тапсырма. 1-топқа:Scratch программалау ортасында айнымалыларды не үшін қолданады?
2-топқа:Айнымалыларды жобалардың қандай түрлерін құрастыруда пайдаланған тиімді деп ойлайсың?
3-топқа:Айнымалыны пайдаланып, өздеріңе таныс қарапайым жобаның жоспарын ұсыныңдар.
Мақсаты:идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды жинақтау, тұжырымдау.
Тиімділігі: топпен жұмыс жанданады. Оқушыларлың алған білімдерін қолдана алу дағдысы қалыптасады.
Саралау: оқушылардың қажеттілігіне қарай қолдау көрсете отырып түрткі сұрақтар беремін. Материалды оңай меңгеруі үшін тапсырманы А деңгейінен С деңгейіне дейін күрделендіремін; бұл тапсырма Б деңгейіне жатады. Бұл тапсырманы түсінбей отырған оқушыларға белсенді оқушылар түсіндіреді, сондай-ақ өзім де қолдау жасап отырамын.
Бағалау: оқушылар қарсы топтардың жауаптарын интерактивті тақтадағы бағалау критерийлеріне сәйкес «Екі жұлдыз бір тілек» әдісімен бағалайды. Бағалаушы топ әр топтың жұмысын мұқият тыңдап ескертпелерін айтып, критерийге байланысты толық түсінік береді.
Бағалау критерийі
Дескриптор
Қалыптастырушы бағалау
Топ мүшелері тапсырмасын өз деңгейінде қорғайды.
-Тапсырманы өз деңгейінде орындайды.
-Өз идеяларымен бөліседі.
-Тақырыпты түсіндіру барысында, өздерінің түсінгендігін дәлелдейді.