Сабақ «Жанды табиғат» бөлімі Сабақтың тақырыбы: Сені қоршаған орта. Симметрия дегеніміз не? Мектеп Күні


Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар



бет111/128
Дата16.05.2023
өлшемі367,11 Kb.
#93469
түріСабақ
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   128
Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар:

  1. Демалыстың қандай түрін ұнатасыңдар?

Оқушылар демалыста не істегенді ұнататындарын айтып береді, жауаптары толық болу керек.

  1. Саяхатты ұнатасыңдар ма? Саяхатқа шыққан кездерің туралы айтып беріңдер.

Жауап. Оқушылар өздерінің тәжірибесіне сүйеніп, айтып береді. Оқушыларға ол жақын жерге саяхат болуы
мүмкін екенін айту керек. Жақын жерге серуенге шығып, көптеген қызықты нәрселерді кездестіруге болады.
Балалардың табиғатты, яғни өсімдіктер мен
жануарларды, сәулет құрылыстарын, мұражай, галереяға барғандарын суреттегендеріне көңіл бөлу керек.

  1. Қазақстанда қандай қызықты орындар бар? Оларды атаңдар.

Жауап. Шарын шатқалы, Балқаш көлі, Алакөл, Бурабай, Медеу мұзайдыны, Ақсу-Жабағылы қорығы, Алматы мемлекеттік табиғи қорығы және т.б.

  1. Суретші жол суреттерін не үшін салады? Жауап. Ол өзінің шеберлігін, көру жадын, байқампаздығын жетілдіреді.




  1. Биыл қандай жаңа нәрсе білдіңдер?

Жауап. Біз табиғаттағы нысандардың көпшілігі симметриялы екенін, композициядағы қарама-қарсылық заңын, түстердің қарама-қарсы байланысын, сызықтық перспектива құбылысын, сәулет өнері, өнердің түрлерін, бейнелеу өнерінің жанрлары мен түрлерін, портрет түрлерін, «марина» жанрын, мерекелік көңіл күйді қалай беру керек екенін білдік.

  1. Нені үйрендіңдер?

Жауап. Біз әртүрлі тәсілдермен симметриялы бейнелерді жасауды, штрих және бояумен жұмыс істеуді,
жануарлардың бейнесін сомдауды, қарама-қарсылық заңын қолдануды, сызықтық перспектива ережелерін пайдаланып, пейзаж салуды, жаңажылдық әшекейлерді, күнтізбе, сәулет құрылысы және ойын алаңшасын
жасауды, бейнелеу өнері туындыларын жанрлары мен түрлеріне қарай ажыратуды, суды бейнелеуді, кәдесый жасауды үйрендік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет