Сабақ және оның құрылымы


Көркем еңбек сабақтарында бастауыш сынып оқушыларына ақыл-ой тәрбиесі



бет34/74
Дата29.12.2023
өлшемі0,73 Mb.
#144805
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   74
Байланысты:
Жалпы қағаз туралыыыыыыыыыыыыы

Көркем еңбек сабақтарында бастауыш сынып оқушыларына ақыл-ой тәрбиесі. Шығармашылық – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға қамтылуы, ізденуі және еңбек етуге құлшынысы деп білеміз. Демек, әрбір адам өмірге дұрыс жол табу үшін өздігінше дұрыс ой түйіп, саналы да сапалы және дәлелді шешімдер қабыл дай білуге үйренуі керек. Демек, шығармашылық қабілет тек адамға ғана тән нәрсе деп білеміз. Адам бойындағы қабілетті үнемі дамытып отқанда ғана, олардың өшуіне жол бермеуге, адамның рухани күшін нығайтып отыруына және де өзін-өзі танып білуіне көмектеседі деп білеміз .Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда еңбекке баулу (технология) пәнінің алатын орны ерекше. Жалпы білім беретін орта мектептерде өтілетін еңбекке баулу (технология) пәнінде бастауыш мектеп оқушылары алғашқы рет еңбек әліппесімен танысып отырып, олардың байқағыштығы, ой-өрісі, олардың эстетикалық тұрғыдан көркем шығармашылық белгілері артып отырса, одан ары қарай жоғары сыныптарда олардың ақыл-ой жүйесі дами түсіп олардың шығармашылыққа деген ұмтылыстары дами түседі деп түсінідіреді .Сондықтан еңбекке баулу сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда бүгінгі мектеп оқушыларына жан-жақты білім беруде бүгінге дейін өтіліп келе жатқан мектептегі еңбекке баулу сабағы, қатардағы өтіліп келе жатқан пәндердің бірі болып саналынады. Демек еңбек тәрбиесіне баулу технология пәні арқылы жүзеге асырылып отырылады.Жалпы еңбек тәрбиесі - қоғамда жасөспірімдер мен жастардың еңбекке адамгершілік қатынастарын қалыптастырған, белгілі мақсатқа бағытталған процес. Сонымен еңбек тәрбиесі жан-жақты тәрбиенің біртұтас бөлігі. Еңбек тәрбиесінің міндеті - жасөспірімдерді еңбексүйгіштікке, еңбек ету шеберлігі мен дағдысын қалыптастыру.Мектептегі еңбек тәрбиесінің ерекшілігінің бірі өсіп келе жатқан баланың адамгершілік сапаларын, еңбекке көзқарасын тәрбиелеу көзделеді. Адамгершіліктің бастамасы қоғамдық пайдалы еңбектің барлық саласында еңбек адамдарын құрметтеуден басталады. Еңбек әрекеттеріне психологиялық әзірлік балаларда коғамға пайдалы мүше болуға ұмытылуды, даярлықты қалыптастыру нышаны пайда болады.Ал оқу еңбегінің барысында еңбекке әдеттену, еңбек дағдылары мен іскерліктері кейінгі еңбек әрекеттерінің басқа салаларының дамуына әсер етеді. Оқу еңбегінің ерекшілігі оңың нәтижелері оқушьшардың өздеріне бірден білінбейді. Оқу еңбегі негізінен интеллектуальды (ақыл-ой) еңбек.
Еңбек тәрбиесінде еңбек сабақтарының мәні ете зор, оларда оқушылар еңбек операцияларын меңгереді. Бұл сабақтарда оқушылар өздері үшін керекті және басқа нәрселерді даярлайды, еңбек дағдыларын меңгереді, техникалық және технологиялық білімдерімен қаруланады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет