Сабақ және оның құрылымы


Көркем еңбек сабақтарында 4К моделін іске асыру



бет42/74
Дата29.12.2023
өлшемі0,73 Mb.
#144805
түріСабақ
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   74
Байланысты:
Жалпы қағаз туралыыыыыыыыыыыыы

Көркем еңбек сабақтарында 4К моделін іске асыру .
4K концепциясы – шығармашылық, сыни ойлау, ынтымақтастық және коммуникация – кез келген салада табысқа жетуге көмектесетін төрт дағды. 1950 жылдары АҚШ-та пайда болды. Оны қарулы күштерге кадрлар даярлаумен айналысатын мамандар ойлап тапқан. Олар жоғары нәтижеге жету үшін оқушыларға механизмдерді мүлтіксіз меңгеріп, еңбекке қажетті қарапайым дағдыларды – еңбек дағдыларын дамыту жеткіліксіз екенін түсінді. Әр «К»ға жекелеп түсінік берсек:
Сыни ойлау (Критическое мышление)— ақпараттар ағынын бағдарлай алу мүмкіндігі, себеп-салдарлық байланыстарды көре алуы, қажетсіз ақпараттарды електен өткізіп қорытындылауы. Сәтсіздікке жолыққан жағдайда шешім шығарып, өзінің жетістіктері мен сәтсіздіктерінің себептерін түсінуі. Шығармашылық (Креативность) – өзгермелі жағдайларда өзін сенімді ұстап, дәстүрлі емес шешімдерді қабылдай алуға, жағдаятты әр тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді. Шығармашылығы дамыған адам жасап шығарушы болып табылады. Ол басқа адамдардың бастамаларын дамытып, жетілдіре алады. Қиындықтарды жеңу ол үшін қызықты басқатырғышқа айналады. Қарым-қатынас (Коммуникация) - Қазіргі кезде әрбір адам қоңырау шалынатын немесе хабарламалар тәулік бойы жеткізілетін қашықтықта орналасқан. Келіссөздер жүргізу және байланыс орнату, әңгімелесушіні тыңдау және өз көзқарасын жеткізу қабілеті өмірлік дағдыға айналады. Ынтымақтастық (Үйлестіруші) - кәсіби салаға қарасты құзыреттілікпен тығыз байланысты. Жалпы мақсатты және оған жету жолындағы рольдерді айқындай отырып, оның нәтижесін бағалай алу қабілеті.
«Көркем еңбек» пәнін оқытудың мақсаты – жеке тұлғаның қалыптасуы және өз ойын білдіруінің негізі ретінде, рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту, шығармашылық, кеңістіктік-образдық ойлауын, көркемдік-технологиялық білімінің негізін қалыптастыру.
Көркем еңбек сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған жобалық іс-әрекетті ұйымдастыру зерттелетін бөлімдерге сәйкес ұйымдастырылуы мүмкін. Көркем еңбек мұғалімі Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған жобалық іс-әрекеттің құрылымын нақты жоспарлауы керек, тақырыптық жоспарлаудан бастап, жобаны жүзеге асырудағы оқушылардың жұмыс кезеңдеріне дейін. Жоба бойынша жұмыс кезеңдерін анықтау және әр кезеңнің орындалу уақытын белгілеу оқушылардың жауапкершілігін, тәртібі мен іс-әрекетінің анықтығын арттырады.
Сыни ойлауды дамыту "Көркем еңбек"пәнімен тығыз байланысты. Пән өзін суретші сияқты сезінуге көмектеседі: әр түрлі техникада әртүрлі материалдармен сурет салу, әдемі және дұрыс мүсіндеу, дизайн, оригами бүктеу және өз жобаларын жасау сияқты.

Сыни ойлауды дамыту келесі нәтижелерге әкеледі:


1.Оқушылардың білім беру процесіне жоғары ынтасы.
2.Оқушылардың ойлау қабілетінің өсуі, ойлау икемділігі, оны бір түрден екінші түрге ауыстыру.
3.Өз бетінше жобалау, ұғымдар құру және олармен жұмыс істеу қабілетін дамыту
4.Авторлық ақпаратты басқаларға беру, оны түзету, басқа адамның көзқарасын түсіну және қабылдау қабілетін дамыту.
5.Алынған ақпаратты талдау қабілетін дамыту.
Сабақтарда сыни ойлауды дамыту технологиясын қолдану ақпаратпен жұмыс істеу дағдылары мен қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді:
1.қажетті ақпаратты табу, түсіну, пайдалану;
2.эскиздер мен үлгілер түрінде ақпаратты талдау, жүйелеу, ұсыну;
3.тарихи құбылыстар мен объектілерді салыстыру, бұл ретте нысанды, сызықты өз бетінше анықтау; проблемаларды анықтау, ықтимал шешу жолдарын анықтау, әртүрлі ақпарат көздерін пайдалана отырып, қажетті мәліметтерді іздеу. Б.шоудың" білімге апаратын жалғыз жолы – бұл еңбек". Көркем еңбек сабақтары ұжымдық жұмыс процесінде бастауыш сынып оқушыларында коммуникативті қабілеттерін дамыту құралы ретінде қарастырсақ болады. Көркем еңбек сабақтарында коммуникативті дағдыларды дамыту және жетілдіру қажет. Айта кету керек, коммуникативті қабілеттерді тиімді түрде қалыптастыруға болатын іс-әрекеттің негізгі түрлерінің бірі – оқушылардың әртүрлі жобалық әрекеттермен айналысуы.
Осылайша, оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамыту үшін көркем еңбек сабақтарын өткізудің бірнеше формаларын атап өткен жөн. Мысалы, жұптар мен топтарда жұмыс істеу қарым-қатынасты ұйымдастыруға көмектеседі әр баланың мүдделі әңгімелесушімен сөйлесуге мүмкіндігі бар. Қорыта айтқанда, жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша көркем еңбек пәнінде 4 к моделін іске асыру бастауыш сынып оқушыларына жан-жақты дамуына оң ықпалын тигізеді. Себебі, еңбек ету барысында 4 к моделін іске асырсақ, баланың шығармашылық қабілеті оянып, тақырыпқа сыни тұрғыдан қарап, талдау жасауға үйренеді және ұжымдық, топтық ортада еңбек етіп, коммуникациялық дағдылары шыңдалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет