Сабақ және оның құрылымы


Көркем еңбек сабақтарында модельдеу



бет38/74
Дата29.12.2023
өлшемі0,73 Mb.
#144805
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   74
Байланысты:
Жалпы қағаз туралыыыыыыыыыыыыы

Көркем еңбек сабақтарында модельдеу.
Мемлекеттік білім беру стандарты шеңберінде жүзеге асырылатын білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жаңғырту бірінші кезектегі міндеттерді анықтайды, олардың орындалуы білім сапасына, оның ішінде мектептегі білімге жоғары талаптар қояды. Адамға ең бірінші өмірлік қажеті - еңбек екенін уақыт дәлелдеуде. Сол себепті, әр оқушыға оның қабілеттеріне сәйкес келетін білім беру өрісі қажет.
Баланы еңбекке баулуда оның қызығушылығына, бейімділігіне сай оқыту – пән мұғалімінің басты міндеті. Көркем еңбек пәні АКТ енгізу бойынша білім беру жүйесін кеңейтуге мүмкіндік береді. «Көркем еңбек» пәні мұғалімдерінің білім беру процесінде . «Көркем еңбек» сабақтарында 3D-модельдеудің практикалық тәжірибесіне енгізу және «Көркем еңбек» және «Информатика» пәндерінің оқу процесіне 3D-модельдеуді кіріктіру мәселелері ашылды. Көркем еңбек сабақтарында қолдануға тиімді 3D бағдарламаларымен танысып осы бағдарламаларда жұмыс жасау процесі көрсетілді. Pepakura Designer, Google SketchUp, Sweet Home 3d, TinkerCAD бағдарламаларын көркем еңбек сабақтарында қолдануға ыңғайлығын, тиімділігін көрсеттік. 3D модельдеу бағдарламасын пайдалану мыналарды жасауға мүмкіндік береді: оқуға оң мотивацияны қалыптастыруға жағдай жасау; оқушылардың өз бетінше білім алуға деген тұрақты қызығушылығы мен ұмтылысын қалыптастыру; қазіргі заманғы автоматтандырылған жобалау (АЖЖ) жүйелерімен және олардың қызметтің әртүрлі салаларында қолданылуымен танысу; конструкторлық және технологиялық құжаттамаларды әзірлеуде білімдерін кеңейту; әртүрлі заттардың үш өлшемді модельдерін және сызбаларын құруды үйрету; оқушыларға кәсіптік және өмірлік жолды еркін және мағыналы таңдауды анықтайтын білім беру. Өз тәжірибемде Google SketchUp бағдарламасы бойынша конус, саукеле жасауды сабақтан үзіндісімен бөліссем және Sweet Home 3d 9- сыныпта «Интерьер/ экстерьердегі ландшафт элементтері» бөлімінде ландшафт элементтерінің 3D нұсқасын құрастыру(макет визуалдау) шеберлігіммен бөліссем, ал Ерік Ниязбекұлы SketchUp бағдарламасында құмыра салып көрсетіп және TinkerCAD жүйесінің де артықшылықтарын атап өтті. Шебер сынып қорытындысында қатысушылар өз пікірлерін чатқа жазып, алғыстарын білдірді. Қорытындылай келе бүгінде заман ағымына ілесе отырып, рухани ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, қажетімізге қарай заманауи техникалар мен технологияларды өмірімізге енгізу қажет. Ал жаңашыл ұстаздың бірден-бір міндеті озық технологияларды меңгеріп, білім алушыларға үйретіп оны дамыту болып табылады деп ойлаймын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет