Реферат мінез акцентуациясы Жоспар: «Акцентуация» түсінігі. Мінездің акцентуациялануы



бет1/3
Дата08.12.2023
өлшемі26,71 Kb.
#135305
түріРеферат
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ МИНИСТРЛІГІ
ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ
Мінез акцентуациясы


Жоспар:

  1. «Акцентуация» түсінігі.

  2. Мінездің акцентуациялануы.

  3. Мінез акцентуацияларының классификациясы (К.Леонгард бойынша).

  4. Жасөспірімдердің мінез акцентуацияларын тегістеу бойынша түзету-дамыту жұмыстары.

«Акцентуация» түсінігін алғаш рет неміс психиатры және атақты психологы, Берлин университетінінің неврологиялық клиникасының профессоры Карл Леонгард енгізген болатын.Оның еңбектерінде «акцентуацияланған тұлға» және «мінез-құлықтың акцентуацияланған қырлары» деген тіркестер қолданылады.
К.Леонгард «психопат» терминін «акцентуацияланған тұлға» терминімен алмастырған. К.Леонгард бойынша мінез-құлық акцентуациясы психопатия мен норма арасындағы бір жағдай, оның пікірі бойынша «акцентуацияланған тұлға» ауру адамдар емес, бұл өздерінің жеке дара ерекшеліктері бар сау адамдар. Ендеше біріншіден «акцентуанттарды» психопаттардан, екіншеден акцентуанттарды елестерден айыру шекарасы қандай деген сұраққа К.Леонгард нақты жауап бере алмады.
Акцентуацияланған мінез-құлықтар табиғи биологиялық қасиеттерге емес, белгілі бір адамның өмір салтына із қалдыратын сыртқы ортаның ықпалына байланысты. «Акцентуация» жалпы алғанда белгілі бір мінез қыры деңгейінің күшейуін білдіреді. Айқын көрінген жағдайда олар тұлғаның құрылымын бұзып патологиялық апатқа ие болады. [1]
Кеңес әдебиеттерінде акцентуацияны жіктеудің басқа түрі де таралған, оны әйгілі балалар психиатры, профессор А.Е. Личко ұсынды. Оның ойынша, акцентуациялык сипаттағы аурулармен психопатия арасында ұқсастық бар. Олардың психопатиядан бас айырмашылығы әлеуметтік дезадаптация (бейімделе алмау) белгісінің болмауында. Олар патологиялық тұлғаның құрылуының негізгі себебі болып табылмайды, бірақ шектеулі жай-күйдің дамуының негізгі ықпалдарының бірі болуы мүмкін. Барлық акцентуацияларды Личко – адам өсе келе дұрысталып кететін мінездің уақытша өзгерістері ретінде қарастырады. Бірақ сонда да олардың көбісі психикалық ауруларға айналып кетеді, немесе өмір бойы сақталып қалады.
Акцентуация бұл аурудың шегі болса да нормалар варианты болып саналады. Сондықтан мінез акцентуациясы психиатриялық диагноз болуы мүмкін емес.
А.Е.Личко зерттеулері бойынша патомінездік реакциялар акцентуация негізінде туатын болса да, уақыт өте келе оның 80%-ға жуығы дұрысталады, жұмсарады және қанағаттанарлық деңгейдегі әлеуметтік бейімделуді байқауға болады. Болжамның жақсы немесе нашар болуы, акцентуация түріне және деңгейіне қатысты жасырын немесе айқын, сонымен бірге әлеуметтік жағдайға байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет