Сюжеттік жапсыру бойынша ұжымдық шығармашылық жұмысты ұйымдастыру.
Балаларға жапсыруда сюжетті композиция құру іскерлігін дамытуды жалғастыру. Балаларға қағазға заттарды орналастыру дағдыларын үйрету. Ұжымдық жапсыруда ортақ композиция құрып, қағаздың бетін толықтыруға, заттарды бір сызықтың бойымен жалпақ жолақшаға (жоғары, төмен, 2-3 жоспар), бүкіл параққа орналастыруға үйрету. Аспанды, жерді немесе өзен мен көлді (теңізді) бөлуге, жердің (аспанның) түсін таңдауға үйрету. Жаңа жылдық мерекеге залды безендіруге қатыстыру. Жапсыруларды құрастыру барысында нысандардың көлемі бойынша қатынасын, заттардың бөліктерінің пішінін, құрылымын, қатынастарын көре білу іскерліктерін меңгерту. Сол арқылы тұрақты ойларын сақтау, өз әрекетін жоспарлау, ісін соңына дейін жеткізу іскерліктерін қалыптастыру, Жапсыруларда әлеуметтік жағдайлар мен балалар өміріндегі оқиғаларды бейнелеуге, Қазақстанның табиғаты мен жерлестердің еңбегін бейнелейтін ұжымдық композицияларды орындауға үйрету.
Жыл соңында жапсыру бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:
- үлгілер және трафареттермен, дайын киім үлгісімен жұмыс істеуді;
- өзінің жұмысын композиция, перспектива ережелеріне сәйкес құруды;
- жұмыс тәсілдерін таңдауды және дәлелдеуді;
- қайшымен дұрыс қолдануды;
- жұмыс материалдарын тиімді қолдануды;
- екі бүктелген қағаздан симметриялық пішіндер қиюды;
- ұлттық өнердің желісімен түрлі пішіндегі қағазда геометриялық элементтерден (шеңберлер, шаршылар, сопақшалар) өрнектер, көз алдына елестету арқылы бірнеше бөліктерден заттарды құрастыруды;
- заттарды қазақ өрнектерімен әшекейлеуді;
- халықтық кәсіптік бұйымдарын негізгі элементтермен бейнелеуді;
- жырту тәсілімен жапсыруды орындауды;
- Қазақстан табиғатын, адамдардың еңбектерін бейнелей отырып, ұжымдық копозицияларды орындауды;
- еске түсіру бойынша, затқа қарап, пішініне, пропорциясына, көлеміне, перспективасына назар аудара отырып заттарды бейнелеуді (қию, жапсыру және т.б.);
- өзінің жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру, жұмыс кезінде тәртіп сақтауды;
- еңбек қауіпсіздігі жіне жеке гигиена ережелерін сақтауды білуі тиіс
Достарыңызбен бөлісу: |