Тігін машиналарының әртүрлерімен жұмыс істеу техникасы Тұрмыстық тігін машинасы өзінің құрылымы, техникалық мүмкіндігі және сыртқы көрінісі бойынша түрліше болып келеді. Бірақ олардың құрылысы, реттеуі және пайдалану ережелерінің көпшілігі ортақ. Тігін машинасының қол машина, аяқ машина және электр машина деп аталатын түрлері бар. Тұрмыстық тігін машиналарынан басқа өндірістік машиналарда бар. Бұл машиналар салмақ пен көлем жағынан да өте үлкен машиналар.
Тігін машинасында жұмыс жасаудан бұрын оны жұмысқа әзірлейді. Жоғарғы және төменгі жіптерді өткізеді ,тігістің ұзындық жүрісін фрикциялық винт арқылы реттеп отырады. Егер айналмалы дөңгелекті айналдырғанда ине қозғалса ол жұмыс істеуге дайын болғаны. Бос жүрісте айналмалы дөңгелек айналып ине қозғалмайды. Жіпті инеге машинаға дұрыс өткізбесе машина дұрыс жұрмейді.Төменгі жіпті шөрікке кигізеді, жіптің тартылысын реттеп отыру үшін шөріктің қабын қолданады.
Тігін машинасында жұмыс істеу ережелері: 1.Тігін машинасында жұмыс істегенде, орындықта дене мен басты сәл алға қарай иіп, тік отыру керек.
2.Бұйым мен көздің аралығы 30-40 см болуы, ал шынтақ үстел қақпағымен бір деңгейде орналасуы қажет.
3. Тігу кезінде бөлшектерді машина табанынаң сол жағына, ал тігіске қосымшаны оң жағына орналастырады.
4. Жарық жұмыс орнына сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсуі керек.
Тігін машинасымен жұмыс кезінде сақталатын қауіпсіздік ережелері: 1. Машина жұмыстарын орындайтын жұмыс орыны дұрыс ұйымдастырылуы тиіс;
2. Машинаның айналатын бөлігіне қайшы және басқа аспаптарды жақын қоюға болмайды;
3. Қажетті аспаптар машина жәшігінде сақталады, ал машина табанына тек қана өнделетін мата қойылады;
4. Өңделуші матада, ине, түйіреуіш болмауы тиіс;
5. Машинаның қозғалатын бөлігіне жақын отыруға болмайды;
6. Орындық, тігін машинасының инесіне тұспа-тұс қойылады;
7. Жұмыс істеу кезінде, қолды дұрыс қалыпта ұстау керек;
8. Жұмыс соңында жұмыс орынын жинау керек.