Берілетін үй тапсырмасымен таныстырамын.
Лекцияны оқу
Атмосфера ауасы жағдайының мониторингісі Санитарлық корғау аймағының маңынан атмосфералық ауадағы көмірсутегі, күкіртсутегі, фенол құрамы мөлшерін тексеру үшін, өнеркәсіптік алаңда атмосфералық ауадағы көмірсутегі, күкіртсутегі, бензол, толуол, ксилиол, көміртегі тотығы құрамы мөлшерін тексеру үшін сынамалар алынады.
Ағынды сулар сапасының мониторингісі
Сарымсақ жинауышына тазартылған ағындарды тартып шығару құбырларынан айына 2 рет келесі ингредиенттер: мұнай өнімдері, жүзгін заттар, фенол, сульфид, N бойынша тұзды аммоний, нитриттер, нитраттар, ерітілген фосфаттар, тұз құрамы, ОБҚ 20, СББЗ анықталады.
Жер асты сулары жағдайының мониторингісі Жер асты сулары жағдайын бақылау «Сарымсақ» жинауышы орналасқан аймақта, қатты қалдықтар жинауышының аймағында және кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймағында жүзеге асырылады.
Жер асты суларының сапасын бақылау кезінде мұнай өңдеу кәсіпорындарына тән ластаушы заттарды: сульфаттарды, сульфидтерді, хлоридтерді, фенолдарды, нитраттарды, нитриттерді, фосфаттарды, аммоний азотын және жер асты суларындағы мұнай өнімдерінің құрамын бақылауға баса назар аударылды.
Топырақ мониторингісі Топырақ жағдайын бақылау санитарлық-қорғау аймағының шекарасында, қатты қалдықтар жинауышы мен Сарымсақ жинауышының айналасында жүргізіледі. Топырақ сынамаларында мұнай өнімдері мен ауыр металдардың құрамы анықталады.
Кәсіпорында табиғат ортасында пайда болатын және орналасатын өндіріс және тұтыну қалдықтарын бастапқы есепке алу ұйымдастырылған.
Радиациялық қауіпсіздік мониторингісі
Кәсіпорында өнеркәсіп қалдықтары мен қатты қалдықтар жинауышының жағдайын дозиметрлік бақылау жүзеге асырылады.
Мұнай шикізатының радиациялық сапасын бағалауды «Павлодар облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК орындайды. Санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды зерттелген өнім қауіпсіз және гигиеналық талаптарға сәйкес келетіндігін растайды.
Кәсіпорында жыл сайын табиғат ресурстарын қорғау және оңтайлы пайдалану бойынша іс-шаралар жоспарлары әзірленеді және орындалады.
Барлық табиғатты қорғау іс-шаралары:
• атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын төмендетуге;
• жер асты суларын ластанудан қорғауға;
• ағынды сулардың нормадан тыс ағуының алдын алуға;
• өндіріс қалдықтары жиналған кезде қоршаған ортаны қорғауға бағытталды.
Кесектелген күкірттің жиналуына жол бермеу мақсатында кәсіпорында күкіртті түйіршіктеу қондырғысы жұмыс істейді. Түйіршіктелген күкірт қоршаған ортаны ластамайды, оны тасымалдау қауіпсіз және ыңғайлы болып келеді.
ЖШС-те өндіріс қалдықтарын азайту мақсатында мұнайқоқырларын өңдейтін Flottweg неміс фирмасының трикантер қондырғысы қолданылады.
Мұнайқоқырларын өңдеу қондырғысын пайдалану кәсіпорынға:
• оларды қоршаған ортаға жинамауға;
• қалқып алынатын мұнайды технологиялық үдеріске қайтаруға;
• атмосфера ауасына шығарылатын тасталындар үшін төлемді және қалдықтардың қоршаған ортада орналасуын қысқартуға;
• атмосфера ауасына көмірсутектердің шығарылуын төмендетуге;
• тереңдетілген қоқыржинауыштарды пайдалану кезінде жер асты сулары мен топырақтың ластануына жол бермеуге мүмкіндік берді.