Күтілетін нәтиже: Алгоритмдеу және программалау, алгоритм түрлері туралы түсінік қалыптасады, Visual Basic-тің ерекшеліктерін, нысанға бағытталған программа технологиясын түсінеді
Ресурстар, көрнекіліктер:Электронды оқулық, оқулық, компьютер
Кезең
Оқытудың формалары, әдістері
Мұғалімнің іс әрекеті
Оқушының іс әрекеті
Ұйымдас-тыру
Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару, тақырып аттары бойыншы топқа бөлу
Мұғалімдермен амандасады. Сабаққа дайындығын көрсетеді, топқа бөлінеді
Программалау әдістері және бұлтты технология бойынша сұрақтар беру
Оқушы сұрақтарға жауап беріп шығады
Жана сабақ
топтық жұмыс, "Жигсо" әдісі
Алгоритм дегеніміз- берілген есептің шығару жолдарын реттелген амалдар түріне келтіру.
Алгоритм қасиеттері
1.айықындылық – алгоритмде жазалған әрбір әрекет анық, нақты, орындаушыға түсінікті әрі бірмәнді болуы керек (мыс: «айнымалыға нақты немесе бүтін сан беріңіз» деген жарлық дұрыс емес. Нақты мен бүтіннің бірін ғана көрсету керек);
2.үзіктілік Алгоритмнің әрбір қадамы толық аяқталған әркеттен тұруы тиіс (мыс: «айнымалы мәнін есептеп алып оны жауап ретінде алыңыз» деген жарлықта екі қадам бірігіп кеткендіктен дұрыс емес. Дұрысы: айнымалы мәнін есептеңіз; шыққан нәтижені жауап ретінде алыңыз;)
3.нәтижелік. Алгоритм белгілі бір уақытта есептің шешімін немесе «шешуі жоқ» деген нәтижені беруі тиіс (бұл қасиеті сақталмаса алгоритмді орындаушы «айналып» қалады)
4.жалпылық. Бір алгоритм өзара ұқсас кез-келген есептерді шешуі тиіс.
5.формалдылық. Орындаушы алгоритм мағанасын түсінбесе де әр жарлықты орындай отырып дұрыс нәтиже шығаратындай болу керек.
Оқушылар жанұя тобына, үй тобына біріге отырып тақырыпты қорғайды және
дәптерлеріне жазып отырады