Ауызша сұрау
-Қарапайым программаның қатесін қалай тексеруге болады?
-Қатені тексеру және қадамдық әдіспен қатені тексерудің қандай айырмашылықтары бар?
-Программада қандай қателер болады?
-Қатені тексеру құралдары қай мәзірде орналасқан?
Оқушылар өздерінің жауаптарын, дұрыс жауаппен салыстырады
Үй жұмысын тексеру
"Сағат дос" әдісі
Оқушылардың өткен тақырып бойынша топқа бөлінуін қадағалайды және өткен тапсырманы қаншалықты меңгергенін анықтайды
Мұғалімнің нұсқауы бойынша топқа бөлінеді
Жана сабақ
топтық жұмыс, "Жигсо" әдісі
Файл - біртиптегі байттардың тізбегі.
Файл сөзі ағылшын тілінен аударғанда «қапшық» дегенді білдіреді. Файлға жататындар: программалар, мәліметтер немесе олардың бөлігі. Файл атауы өзара нүктемен бөлінген екі бөліктен тұрады, бірінші бөлігі өз атауы, екіншібөлігі кеңейтілуі.
Файлдың ақпарат өлшемін бит сияқты ақпаратты сақтау бірлігі ретінде қарастыруға болады. Біртұтас нысан ретінде файлдармен жазу, өшіру (жою), даярлау, көшіру, қайта ат қою операцияларын жүргізуге болады. Сыртқы тасушыдағының барлығы файл түрінде сақталады, олар: амалдық жүйелер, қолданбалы программалар, программалар жүйесі. Visual Basic тілінде бірнеше файл бар.
Сондықтан кез келген программаны қолданғанда мәліметтермен жұмыс жасаймыз, егер мәліметтер керек болса, оларды арнайы файлдарда сақтауға болады. Осы сақталған файлдарды ашып оқуға және өзгертулер енгізугеболады.
Файлдар 2 түрге бөлінеді:
1. Тізбектей қатынайтын файлдар.
2. Ерікті қатынайтын файлдар.
Тізбектей қатынайтын файлдарға аудиотаспаларды жатқызуға болады. Мұнда керекті әндерді тыңдау үшін таспаны айналдырып, кезекті әнді тыңдауға болады.
Тізбектей қатынайтын файлдар Тізбектей қатынайтын файлдар операторларының қызметі:
файлға жаңадан мәлімет жазу үшін, файлдан мәліметті оқу үшін операторлар файлды ашады;
файлдан керексіз жерлерді алып тастау үшін;
файлдармен жұмысты аяқтаған кезде, файлды жабуоператоры бар.
Файлмен жұмыс істеу барысында файлдық жүйеменқалай байланысқанын білуіміз қажет.
Оқушылар жанұя тобына, үй тобына біріге отырып тақырыпты қорғайды және
дәптерлеріне жазып отырады