Операциялық жүйенің төрт негізгі түрі бар:
Бір пайдаланушылық бір есептік, олар бір пернетақтаны қолдайды және тек бір есеппен жұмыс істей алады;
Бір пайдаланушылық бір есептік фондық, негізгі есеппен бірге қосымша есепті енгізе алады және ақпаратты мөрге бағыттайды. Бұл көп көлемді ақпараттарды жіберу жұмысын тездетеді;
Бір пайдаланушылық көп есептік, бір қолданушыға көп есептермен жұмыс жасап, өндей алады. Мысалы, бір компьютерге бірнеше принтерлер қосуға болады және әрқайсысы өз жұмысын атқарады;
Көп пайдаланушылық көп есептік, бір компьютерде бірнеше қолданушылармен бірнеше есептер енгізе алады. Осы ОЖ өте күрделі және бірталай машиналық ресурстарды керек етеді.
Компьютердің әр түрлі моделінде әр түрлі архитектуралық және мүмкіншілдік операциялық жүйелерді қолданады. Олармен жұмыс істеу үшін әр түрлі ресурстар қажет. Олар әр түрлі бағдарламалау сервис дәрежесін және дайын жұмыс бағдарламасын береді.
Дербес компьютерлер үшін операциялық жүйе, профессионалдық қолдану іске асыру үшін келесі негізгі компоненттерден тұру керек:
Енгізу/ шығару бағдарламаларын басқару;
Файлдық жүйемен және компьютер үшін жоспарланған тапсырмалармен басқаратын бағдарламалар;
Командалық тіл процессоры, ол ОЖ бағытталған командаларды қабылдайды, талдау жасайды және орындайды.
Әрбір ОЖ өз командалық тілі болады, пайдаланушы ол арқылы бірнеше әрекеттер орындай алады:
Каталогтарды қарау;
Сыртқы жетек таңбаларды орындау;
Бағдарламаларды енгізу;
Басқа әрекеттер.
Талдау және пайдаланушы командаларының орындалуы, оған операциялық жадта файлдағы дайын бағдарламалардың енгізуі және қосуы ОЖ-де командалық процессор арқылы жүзеге асырылады.
Компьютердің сыртқы құрылғылардың басқару үшін арнайы жүйелік бағдарлама қолданады - драйверлер. Стандарттық құрылғы драйверлер енгізу-шығару базалық жүйе жиынын құрайды (BIOS).
Достарыңызбен бөлісу: |