Сабақ жоспары №1-сабақ. Бөлім: 1 бөлім. Операциялық жүйелер



бет9/10
Дата09.02.2022
өлшемі48,81 Kb.
#25120
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
сж веб акт

Сабақтың барысы:

Сабақтың басы


а) ұйымдастыру кезеңі б) сабақ сұрау

в) бағалау г) жаңа сабақ

д) бекіту е) үйге тапсырма

ж) қорытынды

Сабақтың ортасы


Жаңа сабақты түсіндіру

Жаңа сабақты оқып-үйрену

Cookies – кішкене мәтіндік жазбалар, олар пайдаланушының компьютерінде сервердің сұранысы бойынша браузермен сақталынады. Бұл мәтіндік ақпарат пайдаланушы компьютерінде жойылғанша сақталынады. Пайдаланушының web-серверге қатынасу тарихы сақталған сookies-ті көптеген серверлер жібереді. Бұл жағдай сайттарға қатынасушыларды нақты бақылай отырып, сайттарды пайдаланушыларға және олардың иелеріне қосымша сервистер ұсынуға мүмкіндік береді. Мысалы: сайт иелері өздерінің сайтын неше адам қарағанын, сайтқа бірінші болып кім кіргенін, кім қайталап кіргенін білу өте маңызды. Бұл мәселе Cookies технологиясының көмегімен оңай шешіледі. Cookies технологиясын пайдалану пайдаланушыны есте сақтауға мүмкіндік береді, сookies файлдарынан оның атын, дербес келтірулерін және т.б. оқу арқылы сookies-тің уақыттық және тұрақты файлдарын ажыратады. Cookies-тің жалпы санына (500 артық емес) және бір сервер үшін сақталған cookies-тердің максималды санына (20-ға жуық) шектеулер бар. Cookies-тердің шамасы аз және мәліметтердің үлкен көлемін сыйғыза алмайды. Әдетте, осы немесе басқа келуші кірген сайттар, оған көрсетілген жарнамалар, ол тапсырыс берген тауарлар тізімі және т.б. туралы ақпараттар Web-серверде сақталынады, ал cookies осы ақпараттарды іздеу үшін пайдаланылады. Cookies технологиясы жекелеген дербес беттерді жасауға мүмкіндік береді. Мысалы: егер сіз өз cookies-ті қандай да ауарайын көрсететін сайтқа тіркелу кезінде берсеңіз, онда ол арнайы сіздің аймағыңыз үшін ауа-райын хабарлап тұрады. Электронды коммерция сайттары cookies-ті сатып алушылар кәрзеңкесін жасау үшін қолданылады. Сіздің кәрзеңкеңізге қосып жатқан барлық өнімдер туралы ақпараттар Webсервердің мәліметтер базасында сіздің ID–іңізбен бірге сақталады. Егер сіз шотыңызды алғыңыз келсе, серверге сіз тапсырыс берген барлық тауарлар мәлім, сондықтан оған мәліметтер базасынан олардың құны туралы мәліметтер алу және сізге шотты беру қиын емес. Басқа компьютерден Web-сайттарға кіру барысында олар компьютерге қажет емес cookies-терді енгізуі мүмкін (компьютер иесінің емес, яғни қонақтың келтірулерімен ассоциацияланады). Осындай жағдайда cookies-ті орналастыруға тыйым салып немесе жұмыстың аяқталуымен оны жоюға болады. Cookies-ті жою сіздің компьютеріңіздің жұмыс қабілеттілігі жағынан тиімді, бірақ есте сақтаған жөн, егер сіз жиі кіретін сайтқа тиісті cookies-ті жойсаңыз, онда бұл cookies-термен бірге сіздің келтірулеріңіз жойылуы мүмкін. Cookies-те қандай проблемалар пайда болады? Егер қандай да бір сайтқа бір ДК-ді пайдалана отырып бірнеше адам қатысса, онда келуші Web-сервер әртүрлі келушілерді бір адам ретінде қабылдайды және олардың дербес келтірулерін шатастырады. Егер сіз интернетке кіру үшін әртүрлі компьютерді пайдалансаңыз (біреуі үйде, екіншісі офисте) онда әрбір жағдайда барлық 3 компьютерде әртүрлі cookies-файлдар болады. Сонымен қатар cookies-тер өшіріледі (мысалы: жүйені қайта орнату барысында). Сол себептен егер сіз cookies-ті жойсаңыз және алдында кірген сайтыңызға қатыссаңыз, ол сізді жаңа пайдаланушы ретінде қабылдайды. Бұл қиыншылықтардың барлығын сайтта тіркелу арқылы айналып өтуге болады. Бұл жағдайда сервер сіздің қай компьютерден кіріп отырғаныңызға тәуелсіз сіздің логиніңізбен, парольмен бірге cookies сақталады және сізге дұрыс ақпарат ұсынылады. Cookies мәтіндік түрде сақталғандықтан, пайдаланушы оны жоя алады немесе өзгерістер енгізе алады, Web-қолданбаны құрастырушылар әдетте cookies-те тек маңызды мәліметтерді сақтамайды және Web-сервердің жұмысын ол пайдаланушы дискіне орналастыруға тыйым салған жағдайда да жұмыс жасайтындай етіп ұйымдастырады. Дискіде cookies-тің болуы пайдаланушы қандай сайттарға кіргенін талдауға, кейбір жағдайда пайдаланушы нақты сайтқа хабарлаған мәліметтерді де талдауға мүмкіндік береді. Сookie көмегімен қандай жұмыстар атқаруға болады? Сookies өздерінше ешқандай жұмыс атқара алмайды, бұл тек қана мәтіндік ақпарат. Дегенмен, сервер cookies ақпаратын оқиды, сол ақпаратты сараптау негізінде басқа да әрекеттерді орындайды. Мысалы, авторизациялық қатынас кезінде WWW арқылы cookies-те сессия кезіндегі login және password қолданушыға әрбір документке сұраныс кезінде енгізе бермеуге мүмкіндік береді, ол парольмен қорғалады. Интернеттегі жарнамалық бизнесте cookie механизмі кең қолданылады. Cookie форматы мен синтаксисі. Cookie HTTP бастапқы бетінің бір бөлігі. Өрістің толық сипаттамасы SetCookie HTTP бастапқы бет: NAME=VALUE – үтір, бос орынды, жолдарды көшіруді болдырмайтын символдардың жолы. NAME-cookie аты, VALUE - мәні. Қос нүкте, үтір, бос орын қолдануға болмайды. Cookie өрісі үшін HTTP бастпақы беттің синтаксисі. HTTP серверден құжат сұралған жағдайда, браузер өзінің cookie дің сервердің доменіне және басқа да ақпаратқа сәйкес болуын тексереді. Егер барлық шарттарды қанағаттандыратын cookie мәні табылатын болса, броузер серверге аты және мәні түрінде жібереді: 50 Біруақытта cookie-ге бірнеше мән беруге болады. Егер, cookie өз браузерінде болатын NAME, domain және path параметрлерімен сәйкес келетін болса, жаңа мәнді қабылдаған болса, онда ескі мәні жаңаға ауысады. Басқа жағдайларда cookie жаңа мәндері ескі мәндеріне қосылады. Құжаттарды кэштеу кезінде, мысалы, proxy-сервермен, HTTP бастапқы беттің Set-cookie өрісі ешқашан кэштелмейді. Егер proxy-сервер жауапты қабылдайтын болса, ол жауап бастапқы бетте Set-cookie өрісінде болады. Сәйкесінше, егер клиенттік сұраныс Cookie бастапқы бетінде болса, онда ол серверге міндетті түрде жетуі керек, тіпті қатал түрде If-modified-since параметрі орнатылған болса да.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет