Сабақ жоспары №1-сабақ. Бөлім: 1 бөлім. Операциялық жүйелер



бет7/10
Дата09.02.2022
өлшемі48,81 Kb.
#25120
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
сж веб акт

Тексерілді:_______________________

ЖЕТІСУ ГУМАНИТАРЛЫҚ – ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ

Сабақ жоспары

2-сабақ.

Бөлім:

1 бөлім. Операциялық жүйелер

Сабақтың тақырыбы:

Windows жүйесінің стандартты элементтері, жұмыс үстелі

Модуль /пәнатауы:

Ақпараттық коммуникациялық технологиялар негіздері

Педагогтің аты-жөні:

Есмұрат Ұ.Қ.

Күні:




Жалпы мәліметтер

Курс, топ: 2,203

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ типі:

Аралас сабақ

Мақсаты, міндеттер:

Студенттерге операциялық жүйенің стандартты элементтерін және жұмыс үстелмен таныстыру.

Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі

Оперециялық жүйені меңгереді

Операциялық жүйенің жұмыс үстелімен танысады

Стандартты элементтермен жұмыстар жасай алады


Оқыту нәтижелері

Амалдық жүйелерге қысқаша шолу

Windows-тың обьектілері

Windows-тың басқару элементтері


Бағалау критерийі

  1. Барлық құрылғылардың жұмысын басқару

  2. Барлық программаларды іске қосу.

Бағдарламалық жасақтама және оның түрлері туралы анықтаманы білу.

Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

Компьютер, интерактивті тақта, презентация

Ақпараттықкоммуникациялықтехнологиялар:оқуқұралы / Б.А.Урмашев, Ф.Р.Гусманова, Г.Г.Газиз [жәнет.б.]. - Алматы:Қазақуниверситетi, 2017. - 390 бет.



Техникалық құралдар, материалдар

компьютер

Сабақтың барысы:

Сабақтың басы


а) ұйымдастыру кезеңі б) сабақ сұрау

в) бағалау г) жаңа сабақ

д) бекіту е) үйге тапсырма

ж) қорытынды

Сабақтың ортасы


Жаңа сабақты түсіндіру

Жаңа сабақты оқып-үйрену

«Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары»

Windows XP-дің негізгі cтандартты программалары:

1) программа-көрсеткіш Проводник,

2) графикалық редактор Paint,

3) Мәтіндік редакторлар Блокнот және WordPad

4) Калькулятор

5) Адрестік кітап

6) Мультимедиялық программалар жиынтығы «Развлечения»,

7) Қызметтік негіздегі программалар: Архивация данных (Деректерді мұрағаттау), Дефрагментация диска, Очистка диска (Дискті тазалау), Таблица символов (Символдар кестесі) және басқалар,

9) Телефондық жүйемен байланыс ұйымдастыру программаларының жиынтығы Связь (Байланыс).

Стандартты программалар мәзірі ПУСК батырмасын басу арқылы жұмысқа қосылады (сурет 1). «Пуск» батырмасын басқан соң «Программы» жолын таңдау керек, сонан соң пайда болған бағыныңқы мәзірден «Стандартные» жолы таңдалады. Стандартты программалар тізімінен қажетісін таңдау керек.

1. Блокнот мәтіндік редакторы Блокнот программасы қарапайым мәтіндік редактор болып табылады. Ол АNSI форматтағы, яғни форматы жоқ, мәтіндік құжаттарды дайындауға және өңдеуге арналған. Мұндай формат қызметтік файлдарға, мысалы АutoЕХЕС.ВАТ және ІNI кеңейтулі файлдар, беріледі. Блокнота мәтінді өңдеуге қажетті әрекеттердің ең аз мөлшері қолданылады. Бұл программаның негізгі қасиеті оның өте жылдам жұмысқа қосылуы және жұмыс істеуі. Бұл ортада кұрылған файлдарға .tхt кеңейтуі беріледі. Көптеген әрекеттерді пернетақтаны жылдам шақыру батырмаларын басу арқылы орындатуға болады:

CTRL + N – құру CTRL + Y- қайталау CTRL + Н –алмастыру (ауыстыру)

CTRL + O - ашу CTRL + X-кесіп алу CTRL + G - өту

CTRL + S - сақтау CTRL + C – көшірме алу CTRL + A - барлығын белгілеу

CTRL + P – басу CTRL + V – қою

CTRL + Z – болдырмау CTRL + F - табу

2. WordPad мәтіндік редакторы. Мәтіндік редактор WordPad, барлық мәтіндік редактор сыяқты мәтіндік құжаттарды кұруға, өңдеуге және қарастыруға арналған. Блокнот редакторымен салыстырғанда тағы да бір маңызды функцияны - құжатты форматтауды жүргізе алады. Құжатты форматтау ол - шрифтердің бірнеше түрін қолдану, мәтіннің шеттерін теңестіру, құжатқа басқа табиғатты объектіні (мысалы, сурет) енгізу, ағып өту мүмкіндіктерінің болуы.

WordPad мәтіндік редакторында пернетақта арқылы басқару жүргізу үшін мына жылдам шақыру батырмаларын қолдануға болады:

CTRL + N – кұру,CTRL + O- ашу,CTRL + S- сақтау,CTRL + P –басу,CTRL + Z – болдырмау,CTRL + Y- қайталау ,CTRL + X- кесіп алу,CTRL + C – көшірме алу,CTRL + V – қою,CTRL + F – табу,CTRL + Н- алмастыру (ауыстыру),CTRL + А – барлығын белгілеу.

3. Калькулятор. Калькулятор программасы стандартты (қалыпты) режимде қарапайым арифметикалық есептеулерді жүргізуге арналған (Калькулятор бетіндегі төменгі сурет) және инженерлік режимде (Калькулятор бетіндегі ортадағы сурет). Калькулятордың жұмыс режимі жатық мәзірдегі Вид арқылы таңдалады.

Инженерлік режимде Калькулятор есептей алады:

1) негізгі және кері алгебралық және тригонометриялық функцияларды, гиперболалық функцияларды;

2) екілік, сегіздік, ондық, он алтылық есептеу жүйелерінде берілген сандармен логикалық әрекеттерді.

Стандартты режимде жұмыс істейтін калькуляторда, сандық және арифметикалық амалдар (* - көбейту, / - бөлу, + - қосу, - - алу, sqrt - квадрат түбір табу, % - пайыз табу, 1/х - кері шаманы есептеу, үтір - бүтін мен бөлік арасындағы белгі, +/- - санның таңбасын өзгерту, = - есептеуді аяқтау) батырмаларымен қатар, мынандай батырмалар бар:

С - жаңа есептеуді бастау

СЕ - терілген санды алдындағы арифметикалық амалмен бірге өшіреді,

МС - жадыдағы санды өшіреді,

МК - жадыда сақталған санды индикаторға шығарады,

МS - калькулятор индикаторындағы санды жадыға жібереді,

М+- индикатордағы санда жадыдағы санмен қосып, қосындыны жадыда сақтайды,

Васкsраsе - кейінгі терілген цифрды өшіреді.

Стандартты калькуляторда бір жадылық регистр бар. Калькулятордың жадысында сан бар екендігін жоғарғы сол жақ бұрышта "М" әріпінің пайда болуы көрсетеді.

4. Сілтеуіш (Проводник)

Сілтеуіш - программа (қолданба), көмегімен файлдық жүйедегі кезкелген объектіні (бума не файл) және олармен қажетті әрекеттерді орындауға болады. Сілтеуіш көмегімен қолданбаларды жұмысқа қосуға, құжаттарды ашуға, файлдар мен бумалардың көшірмесін алуға не көшіруге, дискеттерді форматтауға, Интернеттегі Wed-беттерді көруге болады және т.б. Сілтеуіш интерфейсы қолданушы үшін түсінікті түрде жасалған.

Сілтеуіштің негізгі жұмыс өрісі екі тақтадан (кейде үш) тұрады.

Оң тақтада, орналасуы мекен-жай жолында көрсетілген, буманың құрылымы шығады.

Сілтеуіш программасындағы негізгі жылдам шақыру батырмалары:

CTRL + Z – болдырмау

CTRL + X- кесіп алу

CTRL + C – көшірме алу

CTRL + V- қою

CTRL + А- бәрін белгілеу

5. Графикалық редактор Раіnt Графикалық редактор Раіnt растрлық, нүктелерден тұратын, суреттерді құру (салу), өңдеу және қарастыру үшін қолданылады. Алмасу буферіндегі суреттің көшірмесін Раіntта әрі қарай өңдеуге алуға болады. Раіntта құрылған суретті басқа құжаттарға қоюға немесе Жұмыс үстелінің фондық суреті ретінде пайдалануға болады. Раіntта сканермен алынған суретті көруге және өзгертуге болады.

Көптеген бұйрықтарды жылдам шақыру батырмалары көмегімен пернетақта арқылы орындауға болады.

CTRL + N – құру,CTRL + O- ашу,CTRL + S- сақтау,CTRL + P – басу,CTRL + Z – болдырмау,CTRL + Y- қайталау,CTRL + X- кесіп алу,CTRL + C – көшірме алу,CTRL + V – қою,CTRL + А – бәрін белгілеу,CTRL + Т- саймандар,CTRL + L – палитра,CTRL+ F- суретті көру,CTRL+ R- шағылыстыру/бұру,CTRL+ W- созу/еңкейту,CTRL+ I- қарсы түске өзгерту,CTRL + E- атрибуттар.
Тапсырма:

1. Paint 1 графикалық редакторын іске қосыңыз.

Тек құралдарды қолдана отырып сызық және көпбұрыш, ұсынылған сызбаны сызыңыз. Қажетті paint құралдарын қолдана отырып , оны бояңыз суретті "№1 практикалық жұмыс" қалтасына сақтаңыз және "мұз"деп атаңыз.

2. Шақыру сызбасын жасаңыз және "үй"қойындысындағы "а"(мәтінді кірістіру) түймесін пайдаланып шақыру мәтінін енгізіңіз. Суреттің түс схемасын жасау үшін "Палитра" және "түс" түймесін пайдаланыңыз. Оны "шақыру" атымен сақтаңыз.

3. Визитка жасаңыз. Визитка мөлшері 9х5 см болуы керек. Визит карточкасының өлшемін орнату үшін "сызғыштар" қосу керек, ол үшін "Көрініс" қойындысын пайдаланыңыз . Содан кейін "тіктөртбұрыш", "сызық", "А", "Палитра" және "түс" бұрыннан таныс құралдарын қолдана отырып, үлгі бойынша визитка жасаңыз. Мысал: "Визитка. bmp"

4. Сіз жасаған суреттер қандай кеңейтімде сақталған? Өз жұмысыңызды бағалау үшін мұғалімге көрсетіңіз.



Үй тапсырмасы

Тақырыпты мазмұндау

WINDOWS жүйесінің қандай стандартты бағдарламаларының элементтері бойынша сөзжұмбақ, ребустар құрастыру.














Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет