Сабақ жоспары №1-сабақ. Бөлім: 1 бөлім. Операциялық жүйелер



бет5/10
Дата09.02.2022
өлшемі48,81 Kb.
#25120
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
сж веб акт

Сенімділік - 1983 жылы түр өзгертушілік (модификация) пайда болды: ол IBM PC XT. Бұл модельде жаңарту мүмкіндіктері қарқынды болды: қосымша слоттар пайда болды, қоректендіру блогының қуаты өсті (қосымша тақшалар қосымша қуатты талап етті).
1984 жыл. IBM Intel 80286 процессоры бар IBM PC AT берікті жаңа моделін шығарды. Бұл машиналар «екі жүз сексен алты» деп аталды. Олар сенімді болды. Мәтінмен жұмыс істегенде және қиын емес есептеумен айналысқанда қолданылды.
1986 жыл. Intel фирмасы 80386 процессорды шығарды. Бұл кезде IBM ДЭЕМ-ді шығаруда абсолютті басшы болмаған. Бұл техниканы дүние жүзінде шығаруда, әсіресе Compaq фирмасы табысқа жетті. Олардың моделі басқаларға қарағанда ерекше болды (мысалы, оригиналды қоректену блогы қолданды), бірақ сенімді әрі ыңғайлы болды.
1989 жылы Intel 80486 процессорлары шығарылды, ал 1993 жылы - Pentium. IBM тәрізді бәсекелес - еліктеулер пайда болды. Қазір сатып алушылар ондаған процессордан әртүрлі шығарушылардан таңдап алуға мүмкіндігі бар.

80386 сериялы микропроцессорлардың шығарылуымен бірге Windows жүйесінде жаңа версияның бірі Windows 3.1 кейін Windows 3.11 версиялары орнатыла бастады. 80 жылдардың ортасында Microsoft фирмасы IBM тәрізді компьютерлерге арналған бірнеше есепті қатар шығара алатын операциялық жүйелер жасады. Осылайша Windows 95-98 және Windows NT операциялық жүйелері пайда болды. Windows операциялық жүйесі бұрынғыға қарағанда жұмыс істегенде жеңіл, қызықты. Қазіргі кезде компьютермен жұмыс істеу жұмыс үстелінің арқасында жеңіл, мысалы бір рет батырмамен файл ашу және әрбір терезеде қосымша қарау батырмаларын табу. Бір компьютермен бірнеше мониторды қолдану жүзеге асты, ол жұмыс аймағының көлемін үлкейтеді. Windows 98 цифрлық фотоаппараттарымен және басқа да жабдықтармен жұмыс істей алады.


2000 жылға таман Windows 2000 жаңа операциялық жүйесі шығарылды. Бұл жүйеде Windows ОЖ айтарлықтай өзгешеліктер болмағандықтан, көптеген пайдаланушылар алдында «жаңа жүйеге көшу керек пе?» деген сұрақ туындады.

Жаңа ОЖ-лердің басты артықшылығы мынада: Windows 2000 Windows NT – нің мұрагері болып табылады, сондықтан тұрақты жұмыс істейді, өйткені қолданбалы бағдарламалар ОЖ жұмысына араласа алмайды. Бұл орайда Windows 2000 желідегі топтық жұмысқа, бірлесіп атқаратын жұмысқа есептелген.

2-ші жағынан, Windows 2000-ның басқаруымен қолданбалы бағдарламалардың қалыпты жұмыс істеуі үшін жедел жадынан үлкен көлемі (64 Мб бағдарында) қажет болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет