Қазақ тілі
|
Мектеп: №19 ЖОББМ
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
Тогубаева А.К
|
Сынып: 8 «Г»
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Бөлім
|
Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика
|
Сабақ тақырыбы
|
Сақтар және олардың мәдениетінен не білеміз?
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
Т/А.8.1.4.1 - мәтінде көрсетілген мәселені(тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау.
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады: мәтінде көтерілген мәселені талдайды.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: мәтінде көтерілген мәселедегі негізгі ойды анықтайды.
Кейбір оқушылар орындай алады: мәтіндердің тақырыбын, түрлері (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстырып талдайды.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі . амандасу, түгендеу
Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабақты қайталау
«Сұрақты қағып ал!» әдісі арқылы өткен тақырып бойынша сұрақтар қою. Дұрыс жауап берсе, кәмпит беріледі
«Сəлемдеме жіберіңіз» әдісі
Затты бірнеше қабат қағазға/газетке ораңыз. Оқушыларға оны кезекпен ашуға беріледі. Бірінші оқушы қабатын ашады. Əр қабатқа тақырыпқа қатысты бір сұрақ немесе затты анықтауға көмектесетін ишара бар. Оқушылар оны тауып, одан кейін оралған затты əрі қарай береді. Осылайша заттың орамасы біткенше жалғасады.
|
Үй тапсырмасы сұралады, қатемен жұмыс жасалады
Сұрақтарға жауап береді
Ең алғаш тәңрі деген сөзді оқыған адам кім?
Тіл білімінің атасы кім?
Бас әріппен жазылатын қысқарған сөзге мысал келтір
Бас әріппен жазылатын институт атауына мысал келтір
Көне жазулар қайда қашалып жазылған ?
Қазақстан қазір қандай әріпті қолданады?
Сабақтың тақырыбын ашу бойынша бірнеше қабат ақпараттарды оқиды
|
Мұғалім комментарийі
|
Жаңа әдіс-тәсілдер (5-бет)
|
Сабақтың ортасы
|
1-тапсырма.
Оқушылар мәтінмен танысады. Мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтап, кестедегі тапсырмаларды орындайды.
2-тапсырма
сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктеріне аныктама береді.
Сақ патшайымы туралы драмадан алынған үзіндіні сөйлеу мәнеріне сай рөлге бөліп оқу.
3-тапсырма. Оқушылар ресурс бойынша 5 минутта 1 мәселе бойынша мәтіндер құрастырады.
|
1
|
Мәтіндегі ең басты мәселені анықтандар.
|
2
|
Мәтін түрін анықтандар
|
3
|
Тірек сөздерге қатысты 4 ашық сұрақ құрастыру. Сұрақтарды хат қоржынға салып, кез келген оқушы сұрақты алып жауап береді
|
|
Дескриптор:
мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;
тірек сөздер арқылы сұрақ құрастырады;
сұрақтарға толық жауап береді. Дескриптор:
терминдерге анықтама береді;
сөйлек мәнеріне сай оқиды.
Дескриптор:
тақырыпқа қатысты мәтін(сипаттама, әңгімелеу, талқылау) жазады;
құрылымын сақтайды;
мәтіндерді салыстырады.
кішкене тырыссаң табысты оқушы боласың, тамаша, ұяндық пен қорқынышты женіп шық, бүгінгі тақырыпта сен жаңылмадың!
|
Ермекова Т.Н Ерқожина Ш.Л
Тоқбаева А.Е
Қазақ тілі оқулығы (32-35 бет)
8-сынып
(Арман ПВ) 2018ж.
Жаңа әдіс-тәсілдер (62 бет)
.
|
Сабақтың соңы
5 минут
|
Рефлексия «Сыныптан шығу билеті» әдісі арқылы жүзеге асады.
Оқушыларға олардың оқуына қатысты сұрақтар жазылған қағаз беріңіз, олар сұрақтарға жауап беріп, оны сыныптан шығуға рұқсат етілген уақытқа дейін мұғалімге беруі керек.
Үй тапсырмасы:
|
|
|