Мұғалімнің аты-жөні:
|
Купанова А.С.
|
Пән/Сынып:
|
5 сынып
|
Күні:
|
03.04.2023
|
Тарау немесе бөлім атауы:
|
5.4А Пайыз
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Пайызы бойынша санды табу
|
Оқу мақсаты:
|
5.1.2.36
берілген пайызы бойынша санды табу;
|
Бағалау критериі:
|
Берілген санның пайызын табады;
Берілген пайызы бойынша санды табады;
Пайызға байланысты мәтін есептерді шығарады.
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру;
Бейнероликті қолдана отырып, бекіту тапсырмаларын орындату
|
Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
Бекітуге арналғантапсырмаларды орындату;
Тапсырмалардың жауаптарын жазу.
|
Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы
|
Уақыты
|
Кезең дері
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
5 минут
|
Ұйым дастыру
|
Сәлеметсіздерме! Бүгін, Пайызы бойынша санды табу тақырыбын қарастырамыз. Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз:
-Берілген санның пайызын табады; -Берілген пайызы бойынша санды табады; -Пайызға байланысты мәтін есептерді шығарады.
Үй тапсырмасын тексеру. №1096, №1097.
Бекіту сұрақтары.
1.Пайыз дегеніміз не?
2. Берілген санның 1%қалайтабылады?
3. Пайыз бөлшекпен қалай жазылады?
4. Бөлшек пайызбен қалай жазылады?
Біз кез келген нәрсенің бөлігін табуды білеміз. Мысалы торттың
бөлігі, оны теңдей 6-ға бөлгендегі бір үлесі. Ал кезкелген шаманың бөлігі оның 1 пайызы деп аталады. Пайыз жай бөлшекпен 1/100 ондық бөлшекпен 0,01 түрінде жазылады
|
Сабақ мақсатымен танысады.
Үй жұмысын айтады.
Сұрақтарға жауап береді
|
|
Жалпы білім беретін мектептің 5–сыныбына арналған оқулық.
Оқулық авторлары: Т.А.Алдамұратова, Қ.С.Байшоланова, Е.С.Байшоланов
Алматы «Атамұра» баспасы 2017 жыл
|
8 мин
|
Жаңа сабақ
|
Пайызы бойынша санды табу үшін:
Пайызды жай немесе ондық бөлшек түрінде өрнектектейміз;
Берілген санды осы бөлшекке бөлеміз.
Әріптердің көмегімен келесі түрде жазылады: .
Мұнда – берілген пайызы бойынша табылатын сан (100%-ға сәйкес келетін сан).
– пайызы берілген сан.
– берілген пайыз.
Мысал 1. Қант қызылшасының 18% -ын қант құрайды. 162 кг қант алу үшін неше килограмм қант қызылшасы керек?
162 кг қант - қант қызылшасының 18% құрайды.
18%=
162:
Мысал 2. Мектептің бастауыш сыныптарында 240 оқушы оқиды, және бұл барлық мектеп оқушыларының 60% құрайды. Мектепте барлығы қанша оқушы оқиды?
Шешуі:
240 оқушы барлық мектеп оқушыларының 60% құрайтын болса, онда 1% -ы 240:60=4 оқушыны құрайды. Мектептің барлық оқушылары 100%. Демек, барлық оқушылардың саны 4 ∙ 100=400 (оқушы).
Шешімі келесі өрнек түрінде жазылады
;
|
Сұрақтарға жауап береді
Тақырып бойынша ресурстарды қарап, танысады.
|
ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды.
|
Слайд
|
20 мин
|
Тапсырмалар.
|
№1.. А санын тап, егер
оның 15% -ы 21-ге тең болса а) А=500
оның 25% -ы 45-ке тең болса б) А=600
оның 20% -ы 2-ге тең болса с) А=140
оның 5% -ы 7-ге тең болса д) А=3900
оның 1% -ы 6-ға тең болса г) А=180
оның 8% -ы 48-ге тең болса ж) А=210
оның 7% -ы 35-ке тең болса е) А=10
оның 3% -ы 117-ге тең болса к) А=700
№2. Қандай-да бір ақша соммасының 3 % -ы 1800 тг екендігі белгілі. Ақшаның барлық соммасын тап?
№3. Сатушы сатуға арналған барлық алманың 20% сатып жиберді, бұл 40 кг-ды құрайды. Сатушыда барлығы қанша килограмм алма болды?
№4. Сыныпта 30 оқушы бар. Жүгіруден жарысқа сынып оқушыларының 30% қатысты, бұл мектеп оқушыларының 2% құрайды. Мектепте барлығы қанша оқушы бар?
Оқулықтан №, №.
Микрокалькулятордың көмегімен берілген пайызы
бойынша санды табу алгоритмі
25% -ы 175-ке тең болатын санды табу үшін:
1) калькуляторда 175 санын теру керек;
2) / немесе бастырмасын басу;
3) калькуляторға 25 санын енгізу;
4) % бастырмасын басу.
Индикаторда жауап көрінеді:700.
25% -ы 175-ке тең болатын санды табу бағдарламасы: 175/25 %.
Микрокалькулятордың көмегімен табыңыз.
1) Оның 12% -ы 10,8; 4) Оның 60% -ы 45;
2) Оның 15% -ы 8,4; 5) Оның 110% -ы 93,5;
3) Оның 40% -ы 22,4; 6) Оның 180% -ы 64,8.
|
Тақырыпқа қатысты есептерді шығарады
|