САБАҚ ЖОСПАРЫ«Бекітемін» Оқу ісінің меңгерушісі «___________» ________2014 ж ___________________ Пән аты: Информатика Класы: 10 «Б» Қоғамдық - гуманитарлық бағыт Сабақтын тақырыбы: Мәтіндік процессор туралы түсінік. Құжат құру.
Сабақтың мақсаты:
Мәтіндік редактор мен мәтіндік процессордың айырмашылығымен таныстыру.
Мәтін түрлерімен таныстыру.
Мәтіндік процессордың мүмкіндігі туралы мағлүмат беру.
Сабақтың көрнекілігі:компьютер, экран, проектор, слайдтар, тапсырма карточкалары. Сабақтың әдістері: түсіндіру, көрсету, сүрақ-жауап, көрнекілік, тәжірибелік әдіс. Сабақтың типі:тәжірибелік элементі бар жаңа такырыпты түсіндіру сабағы.
Өтілетін орны: информатика сыныбы.
Оқушылар білуі тиіс: Microsoft Office Word программасымен жүмыс істеуді. Оқушылар меңгеруі тиіс:мәтіндерді енгізуді, сақтауды, түзетуді, пішімдеуді және қағазға басып шығаруды.
Сабақтың барысы Ұйымдастыру кезеңі
Сабақты бастамас бүрын мына сүрақтармен жүмыс істейміз.
Осыған дейін Microsoft Office Word программасымен жүмыс істедіңдер ме? Қай сыныпта?
Мәтін дегеніміз не?
Мәтін түрлерін атаңдар.
Microsoft Office Word программасымен қандай қүжаттар жасауға болады?
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Теория MS Word ең қуатты мәтіндік редакторлардың бірі. Мәтіндік процессор- мәтіндерді енгізу, сақтау, түзету, пішімдеу және қағазға басып шығаруды қамтамасыз ететін программалық қүрал түрі. Мәтінді компьютерде өңдеудің артықшылығы - ақпаратты өзгерту, көшіру, көбейту әлдеқайда жеңіл.
Мәтін - компьютерлік алфавиттік символдардың тізбегі. Алфавитте 256 символ бар. Мәтін тек символдардан ғана емес, математикалық, химиялық формулалардан, сандар- дан, графиктік нысандардан және т.б түрады.
Мәтіндік редактор да жасалған ақпараты бар файлды мәтіндік қүжат деп атайды. Мәтін түрлері: кәдімгі, кестелік, программалық, гипермәтін.