Құжатты сақтау Жұмыс істеп отырған құжатты жиі-жиі дискіге жазып, сақтап отыру керек. Мэтін теріліп жатқан кезде компьютердің жедел жадында болады да, ток немесе компьютер өшіп қалса, бірден жойылып кетеді. Сондықтан дискіге жазып сақтап отырған абзал. Ол коп уақыт алмайды. Егер алғаш рет құжатты немесе файлды сақтау керек болса, мына эрекеттерді орындау керек:
Файл=> Қалай сақтау (Сохранить как) батырмасына шертеміз => Файлды сақтау терезесі ашылады => терезеден Файл атауы өрісінде құжатқа атау береміз => кұжаттың қай жерге орналасу адресін корсетіп (қай дискінің қандай бумасына орналастыратындарыңды корсету керек) => Сақтау(Сохранить) батырмасын шертеміз (8-сурет). Сақталған құжатқа жаңа өзгерістер енгізіліп отырса, оны сақтап отыру қажет. Ол үшін меңзерді дискеттің суреті салынған батырмаға апарып, оны бір рет шертсе болтаны. Осылай сақталған мәтін ғана қатты дискіге жазылып, қауіпсіз күйде ұзак уақыт сақталады. Егер жұмыс нэтижесін бірнеше түрде сақтау керек болса, олардың
әрқайсысына бөлек-бөлек ат қойып, сақтау қажет. Құжатпен жұмысты аяқтау барысык. мұның алдында өзгертіліп, бірақ дискіге жазылмаған құжат бар болса, онда редактор экранға қосымша сұхбаттасу терезесін шығарып, өзгертілген құжатты дискіге жазу «Иә (Да) деп, ал жазбасаңдар «Жоқ» (Нет) деп, оны да растап берулеріңді өтінеді. Қалаулар бойынша, редакторда әрі қарай жұмыс істей беруге де, Болдырмау (Отмена) жасауға болад ы. Сақталған құжатты ашу:
Құжаттың сақталған адресі бойынша іздеу.
Ctrl+Oбатырмалар үйлесімін басамыз.
Word программасын ашып Файл => Ашу(Открыть) батырмасын басамыз, Құжа ашу терезесі шығады.