Сабақ жоспары «Бекітемін»



бет30/60
Дата22.09.2023
өлшемі1,11 Mb.
#109859
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   60
Байланысты:
10-synyp-gumanitarly-bayt-arnalan-saba-zhosparlary

Оқушылар білуі тиіс: Macromedia Flash MX программасында жұмыс істеуді.
Оқушылар меңгеруі тиіс: геометриялық кескіндерді салуды, озгертуді, орнын ауыстыруды, фигураның түсін орнатуды, анимациялық фильмдерді сақтауды, анимация құруды.
Сабақтың барысы

  1. ¥йымдастыру кезеці

Оқушыларды ұйымдастырып, сыныпта оқушыларды түгендеу.

  1. Үй тапсырмасын тексеру кезеці

Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру

  1. Жаңа тақырыпқа кіріспе кезеці

Теория
Біз тэуелсіз мемлекет, егемен ел болғаннан бері білімі мен білігі үштасқан зияткер ұлт болуға, жаңа үлгідегі заманауи технологияларды игеруге талпыныс жасай бастадық. Қүрметті оқушылар, біздің ендігі оқып-үйренетін тақырыбымыз - анимация
жэне мультипликация. Бәріміз де бүл үғымдардан жалпылай хабардармыз. Дегенмен де бүлар қалай жэне қашан пайда болғанын біле бермейміз. Сондыктан анимация мен мультипликацияның шығу тарихымен танысайық.
Мультипликация термині латынның multiplicatio сөзінен аударганда «үлкею», кө- бею, «еселене түсу», ал ағылшын тілінде - «жандандыру» деген мағынаны білдіреді. Бұл - суреттердің, қуыршақтардың қозгалыс кездерінің фазаларын жеке кадрларға түсіріп, ретімен көрсетуден туатын кино өнерінің бір түрі. Мысалы, бір гана аттың қоз- ғалысын жасау үшін бірнеше кадрлы сурет керек. Сондай-ақ доптың секіруі.
Мультипликациялык кино ісінің белгілі 3 тэсілі бар: бірінші - суреттер (графикалық мультипликация); екінші - қуыршақтар (көлемді мультипликация); үшінші - жалпақ, жүқа қуыршақтар (жазық пішінге салып қию) пішінінде пайдаланылады.
Мультипликацияның тарихына коз салсақ, оның іргетасы ағайынды Льюмерлердің кино онерін тудырған техникалык жаңалығынан да бүрын қаланды. Алғаш суретке жан бітірген бельгиялык физик - Жозеф Плато (1832 ж.), жэне австриялық профессор-геометр Симон фон Штампфер болды. Олар бірнеше сурет жапсырылған дискіні жылдам айналдыру аркылы, қолын сілтеп жүгіріп бара жатқан адам бейнесін жасады. Бүл технологияның суретгермен бай- ланысты дамуы киноаппараттың жасалуына ықпал етгі. Ал, 1877 жылы француз суретшісі эрі инженері Эмиль Рейно траксиноскоп арқылы суреттің қимьшын үзартты. Онда музыка жэне энмен сүйемелденген түрлі түсті бейнелі бірнеше комедиялык лента, 15-20 минутка созылды. Америкалық Джон Стюарт Блэктон мен Уинзор Маккей, француздық карикатура суретшісі - Эмиль Коль, т.б. мультипликациялык киноның көшбасшысы болып саналады (1906-1908 жж.). Олар суреттерді кадрлеп бөлшектеп, бөліп түсіруцің жаца жолдарын пайдаланып, мэнерлі қозғалыска келтіріп, оларга жан бітірудің күпияларын ашты. Мультипликациялык киноның негізін салушылардың бірі, эйгілі Микки Маус атты мультфильмнің авторы - Уолт Дисней. Америкалық режиссердің карамағында бірнеше елдің талантты суретшілері қызмет атқарып, ширек ғасыр бойы техникалық жетістік биігінен көрінді. Оның эйгілі Освольд (қоян), Мик­ки Маус (тышқан), Дональд (үйрек), т.б. кейіпкерлері дүниежүзі корермендерінің коңілінен шықгы. Бірнеше топтаманы (серия) қүрайтын қойылымдардагы қимыл мен сөздің дәлдігі, музыка, шудың қозғалыспен катар естілуі керемет үйлесім тапты. XX ғасырда «Союзмуль­тфильм» (1936 жылы қүрьшған) студиясынан жарық көрген фильмдер мультипликациялык кино ісін дамытты. В.М.Котеночкиннің «Түра түр, бәлем!» (Ну, погоди!) көпсериялы фильмі, режиссер В.Поповтың «Простоквашинадан шыққан үшеу», т.б. фильмдерін миллиондаган жас корермендер тамашалады. Мультипликациялык кино әрдайым жаңалықтар мен ізденістерді кажет ететін онер. Жақсы мультипликация үшін тек суретшілердің ғана еңбек етуі аз. Бұл өнерде режиссердің, сценаристің еңбегімен қатар қолөнершілердің қолтаңбасы мен компьютерлік графика ісінің үйлесуі де маңызды.
Ал, қазақ мультипликация өнерінің түңгыш мультфильмі - 1967 жылы жарыққа шыққан, ертегі негізінде түсірілген, «Қарлығаштын қүйрығы неге айыр?» мульт­фильмі. Сценарийдің авторы, режиссері жэне суретшісі - Әмен Қайдаров. Фильм 1968 жылы Ленинградта өткен Бүкілодақтық фестивальде екінші жүлдеге ие болып, әлем елдерінің экрандарында көрсетілді. 1975 жылы Нью-Йоркте өткен мультипликациялык фильмдердің I халықаралық фестивалінде «Қола Праксиноскоп» жүлдесін иеленді. Қайдаров түсірген: «Ақсақ құлан», «Қүйыршық», «Қожанасыр - күрылысшы» атты фильмдер қазақ мультипликациясының жетістіктері болды. 1970 жылы қазақ мультипликаңиясы Орта Азиядагы жетекші орынга шықты. Қазақ мультипликаторлары қырғыз жэне түркіменнің
тұңғыш мультфильмдерін шығаруға белсене қатысып, тәжік мультипликациясының қалыптасуына шығармашылық көмек көрсетті. Осы ке- зеңде қазақ мультипликаторлары түсірген графикалық жэне қуыршақ фильмдердің саны жүзден асты. Режиссер-суретшілер: Ж.Дәненов пен Ү.Қыстауовтың «Алпа- мыс батыр», «Айдаһар аралы», Е.Әбдірахмановтың «Тапқыштар», «Бозторғай», Б.Омаровтың «Үш шебер», «Қаңбақ шал», Т.Мүқанованың «Жібек шашақ», «Қайшы», Қ.Сейденовтың «Тігінші мен ай», «Қадырдың бақыты» атты мульт- фильмдері - қазақ мультипликациясы тарихында жоғары бағаланған шығармалар. Сон- дай-ақ, қазақ анимациясының дамуына А.Әбілқасымов, А.Тоқшабаев, Ү.Бекішев жэне басқа да шеберлер зор үлес қосты.
Мультипликацияның жылдар өте келе дамуымен анимация үғымы келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет